2018 жылдың 15-16 ақпанында Алматы қаласында ЖШС «Микроқаржылық ұйым «Азия Несие Қоры» (әрі қарай – АНҚ) қызметкерлерінің жылдық жиналысы өтті. АНҚ-ның филиалдарынан және бас офистан 24 басты қызметкерлері бірлесе отырып, 2017 жылыдың қорытындысы бойынша филиалдар мен бөлімшелер жұмысын қортындады және 2018 жылға мақсаттарға жету стратегиясын жасады.
Екінші күнгі жиналыста «Жоғары тиімділік мәдениет» ұранымен өтті. Компанияның өркендеуінің кілті корпоративтік мәдениетте екені жасырын емес. Тиімді корпоративтік мәдениет қызметкерлердің абсолютті ынталылығын арттырады, бұл өз кезегінде компанияның тиімділігін арттырады. Сондықтан АНҚ үнемі корпоративтік нормалар мен құндылықтарды насихаттауға, кадрлық резервті жоспарлауға және АНҚ-да таланттарды дамытуға назар аударады. Кәсіби және тиімді қызметкерлері компанияның тұрақтылығы мен өсуіне кепілдік береді.