5061 кез келген ұялы байланыс операторынан
Whatsapp чат-бот
АНҚ Офистар

Азиялық Несие Қоры – 20 жыл сіздермен бірге!

Азиялық Несие Қоры (бұдан әрі АНҚ немесе Компания) қазақстандық заңнамаға сәйкес тіркелген және әрекет ететін, Қазақстанның ауылдық аймақтарында шағын бизнесті дамытуға және үй шаруашылықтарына қолдау көрсету үшін микрокредиттер беретін микроқаржылық ұйым болып табылады.

Биылғы жылы Азиялық Несие Қорына 20 жыл толып отыр! Өзінің құрылған және жұмыс істеп келе жатқан жылдары ішінде АНҚ қаржылық қызметтерімен Қазақстан Республикасының 117 000 кәсіпкерлері мен үй шаруашылықтарына жалпы сомасы 24,5 млрд. теңгеге қолдау көрсетті. Қаржыландыру еліміздің алты облысындағы 37 шағын кеңселерден тұратын желі арқылы беріледі, олардың 20-сы ауылдық аудан орталықтарында орналасқан. АНҚ берген кредиттер көлемінің 95% ауылдық жерлерге келсе, АНҚ қарыз алушыларының 92%-ын әйелдер құрайды.

Өзінің негізгі қызметімен қатар Компания мақсатты аудиториясына қаржылық емес қызметтер ұсынуға көп көңіл бөледі. Мәселен, соңғы 2 жылда АНҚ 15 000 аса қарыз алушылары қаржылық сауаттылық және отбасылық бюджетті құру бойынша негізгі білімдер алды, ал 300-ден аса қарыз алушы АНҚ «Өз бизнесіңді қалай нөлден бастауға болады» атты тренингтеріне қатысты. Бұл оқытудан кейін олар жаңа бизнес аша алды, және, нәтижесі ретінде, отбасының жағдайын жақсартты. 2017 жылдың қазан айында АНҚ, әлемнің 17 елінінң 26 қаржылық ұйымдарымен бірлесе отырып, Польшаның «Сауатты несие» микроқаржылық орталығының бастамасын қолдады, оның аясында АНҚ қызметкерлері 1 600 клиентті сауатты қарыз алу негіздеріне үйретті.
2017 жылды, өзінің 20 жылдығын АНҚ «жасыл экономика» жылы деген бағытта және түрлі қайырымдылық жобаларды өткізумен атап өтті.

АНҚ пікірі бойынша, «жасыл экономика» негізінде таза немесе «жасыл» технологияларды пайдалану жатыр. Мамандардың айтуы бойынша, «жасыл» экономиканы дамыту біздің елімізге өзінің ауқымдарымен көптеген постиндустриалдық елдерді шалып өткен экологиялық дағдарыстан шығуға мүмкіндік береді.
Біздің еліміздің президенті бұл ұғымға елідің кейінгі дамуы жолындағы бірінші кезектегі факторлардың бірі ретінде жоғары басымдық беріп отыр. Азиялық Несие Қоры болашақ ұрпақ үшін ресурстарды үнемдеу стратегиясын толығымен қолдайды және бұл міндетін іс жүзінде атқарып отыр.

Мысал келтіретін болсақ, АНҚ-дағы «жасыл» жобалардың бірі болып ауыл тұрғындарына энергияны үнемдеу элементтері бар кредиттер беру табылады. Соңғы 5 жылда 1 100 ауылдық тұрғындар Компания кредиттерінің көмегімен өз үйлерінде энергия үнемдеу тұрғысынан түрлі тиімді шаралар өткізе алады.
Басқа «жасыл» жоба болып жалпы білім беретін орта мектептерде «Энергия үнемдеу – әркімнің ісі» тақырыбына ашық сабақтар өткізу табылады. 2017 жылы Азиялық Несие Қорының қызметкерлері ауылдық орта мектептердің мұғалімдерімен бірлесе отырып, 6-шы сынып оқушылары үшін энергия үнемдеу сабақтарын өткізді. Осындай сабақтар өткізу барысында АНҚ қызметкерлері балалардың болашақ ұрпақтар үшін энергияны үнемдеу және энергетикалық ресурстарды ұқыпты пайдаланудың маңыздылығы мәселелерінен хабардар болуын арттыруға ұмтылады.

«Жасыл экономика» бағытының шеңберіндегі үшінші жоба болып АНҚ өз кеңселері бар аумақтарды көгалдандыру бойынша акциялар өткізу табылады. 2017 жылы АНҚ қауымдастықтармен бірлесіп, Жамбыл облысының Б.Момышұлы ауылында және Алматы облысының Есік қаласында көгалдандыру бойынша акциялар өткізді, ал АНҚ бас кеңсе қызметкерлері Алматы қаласында Бірінші несие бюросының «#BeGreen» жануарлар бағы аумағын көгалдандыру бойынша акциясына қатысты.
«20 мейірімді іс» қайырымдылық жоба шеңберінде Компания және оның қызметкерлері жеке тұлғалар (аз қамтылған отбасылар, мүгедек балалар мен т.б.) және Мүгедектерді қолдау орталығына материалдық және моральдық қолдау көрсетті.

Жиырма жыл қызмет етуі барысында Азиялық Несие Қоры тамаша қарыз алушы клиенттер ғана емес, DeutscheBank, Incofin, responsАbility, Oikocredit, MicroVest, MCE сияқты сенімді әрі тұрақты серіктестерге де ие болды. АНҚ Қазақстан Микроқаржылық ұйымдар қауымдастығы (ҚМҚҰҚ) және Польша Микроқаржылық Орталық (MFC) мүшесі болып табылады. 2015 жылы АНҚ Халықаралық қаржылық корпорация (IFC) жобасы аясындағы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі Дүниежүзілік Қаржылық Форум құрылтайшыларының бірі болды. Компания қызметі ауторлық компаниялар үлкен төрттігімен тесеріледі. АНҚ Ұлттық Бизнес Рейтинг Үздігі, соның ішінде «сенімді салық төлеуші» номинацияларында, және жоғары өсу көрсеткіштері үшін үздік болып танылды.
АНҚ өз жоспарлары, идеяларын жүзеге асырып келеді, және, Қазақстандағы күрделі экономикалық жағдайға қарамастан, жоғары нәтижелер көрсетіп отыр. 2008 жылы, әлемдік дағдарыс кезінде, АНҚ тек осы жағдайға төзіп қана қоймай, өсу қарқынын да көрсете білді, бұл Компанияның күшті мінезі мен мүмкіндіктерін тағы да дәлелдеп отыр. Азиялық Несие Қоры өзінің жиырма жылдық табыс тарихын фактілер және цифрлармен растап келеді. Компания табысының негізі – күшті команданың еңбегінде, тұрақты серіктестер мен Компания өз қызметінде ұстанатын дұрыс таңдалған даму стратегиясында.