2024 жылдың 10 мамырында BANK IM BISTUM ESSEN eG (бұдан әрі – BIB) АНҚ-ға 2,5 млн еуро мөлшерінде алғашқы несие ұсынды. Бұл стратегиялық серіктестіктің мақсаты – ауылдың үй шаруашылықтары мен мен бизнесті қаржыландырудың маңызды көздеріне қол жетімділікті арттыру – бұл екі қаржы институты да терең берілген миссия.
Маркус Крист, BІВ импакт-инвестициялар жөніндегі директоры: «Біз, 17 жылдан астам уақыт бойы нарығы қалыптастып және дамып келе жатқан елдердегі дамуды қаржыландырумен айналысатын, әлеуметтік және этикалық тарапынан бағдарланған банк үшін, қаржыландыруға қол жеткізе алмайтын халықтың қаржылық қолжетімділігін ілгерілету және мүмкіндіктері мен құқықтарын кеңейту жөніндегі миссиямызды тиісті түрде қолдайтын дұрыс серіктестік институттарды таңдау өте маңызды.Сондықтан біз АНҚ-мен ынтымақтастығымыздың басталғаны туралы хабарлауға қуаныштымыз. Біз берілген қаражат компанияның өсуіне ықпал етіп қана қоймай, одан да маңыздысы, қазақстандық шағын кәсіпкерлер мен олардың отбасыларына оң әсер ететініне сенімдіміз».
«Біз BANK IM BISTUM ESSEN Eg. серіктесі болғанымызға қуаныштымыз. Біздің әріптестігіміз Қазақстанның ауылдық аудандарында инклюзивті өсу мен өркендеуді қамтамасыз етуге бағытталған ортақ көзқарасымыздың дәлелі болып табылады. BIB-тен алынған жергілікті валютадағы 2,5 миллион еуро несие желісінің арқасында біз аз қамтылған үй шаруашылықтары мен шағын бизнеске қолжетімді қаржылық қызметтерді ұсыну бойынша біздің миссиямызды жеделдете аламыз. Бұл серіктестік Қазақстанның ауылдық аудандарындағы клиенттеріміз бен қоғамдастықтарымыздың өміріндегі елеулі өзгерістерге біздің бейілділігімізді көрсетеді», – дейді АНҚ Басқармасының төрайымы Жанна Жакупова.