Қазақстан және Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше басқа да мемлекеттер 2015 жылы қабылдаған 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған тұрақты даму саласындағы тәртіп тұрақты даму және өркендеуді қамтамасыз ету бойынша жаһандық жоспар болып табылады. Жоспардың негізінде неғұрлым өткір әлеуметтік және экологиялық проблемаларды еңсеруге бағытталған тұрақты дамудың (ТДМ) 17 мақсаты қаланды. Азиялық Несие Қоры БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын сөзсіз басымдықтар ретінде таниды. Біз мемлекет қана емес, бизнес, қоғам және басқа да мүдделі тараптар оларды жүзеге асыру үшін бірге жұмыс істегенін маңызды деп санаймыз.
2024 жылдың наурыз айында халықаралық стандарттар мен үздік тәжірибелерге сәйкес, АНҚ Бақылау кеңесі «АНҚ Тұрақты Даму Саясатын» ресми түрде бекітті. Бұл саясат АНҚ-ның тұрақтылық қағидаттарын өз операциялары мен стратегияларына біріктіруге деген ұмтылысын нығайтады, бұл компанияның ТДМ-ға қол жеткізуге қосқан үлесін арттырады.
Негізгі басым бағыттарды анықтай отырып, АНҰ өзінің күш-жігерін кедейлікпен, аштықпен күресу, білім беру, гендерлік теңдік және экономикалық өсуге жәрдемдесу арқылы 1, 2, 4, 5 және 8 ТДМ бағыттауға уәде береді. АНҚ мүдделі тараптармен бірлескен іс-қимыл және ынтымақтастық арқылы оң өзгерістерге қол жеткізуге және барша үшін тұрақты болашаққа елеулі үлес қосуға ұмтылады.