Азиялық Несие Қоры Бақылау кеңесінің жаңа мүшелерін жариялауға қуанышты- Талғат Салихов және Севара Сираджева.
Талғаттың “Price water house Coopers” және “Стратегиялық Бастамалар орталығы” сияқты түрлі белгілі қаржылық ұйымдардағы 8 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Қазіргі уақытта ол Қазақстандағы «Tengri Partners Investment Banking» АҚ Қаржылық кеңес беру және меншік инвестициялар бөлімшесінің басшысы болып табылады. Талғат корпоративтік қаржыларды тарту мен құрылымдастыру (қарыздық және меншік капталды) және бизнесті дамыту саласындағы терең білім мен тәжірибеге ие.
Севара Сираджева-технология саласында цифрландыру және өнімді әзірлеу саласында 12 жылдан астам тәжірибесі бар жоғары білікті маман. Ол қаржы саласындағы MBA дәрежесін және Ұлыбританияның беделді оқу орындарында бизнес компьютерлері бойынша бакалавр дәрежесін алды. Севара өзінің бүкіл мансабында АҚШ, Ұлыбритания, Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей, Грузия және Өзбекстан сияқты әртүрлі нарықтарда технологиялық өнімдерді сәтті әзірледі және шығарды. Севара өзінің кәсіби қызметінен басқа, STEM саласында әйелдер мен қыздарды тартуға ықпал ететін бастамаларды белсенді қолдайды. Ол Өзбекстанда, Қазақстанда, Қырғызстанда және Тәжікстанда әйелдер үшін мүмкіндіктерді кеңейту идеясына ерекше берілген.