Fingramota.kz жобасының шеңберінде ҚР Қаржылық нарықты реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) өкілдері Азиялық Несие Қорымен (бұдан әрі – АНҚ) бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының Түркістан, Алматы, Жетісу, Абай, Ақмола, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының шалғайдағы өңірлерінің тұрғындары үшін оқыту тренингтерінің топтамасын аяқтады.
2023 жылдың 12 маусымынан бастап 5 қазанға дейінгі кезеңде АНҚ 26 кеңсесінде өткен оқыту тренингтеріне тұрғындардың түрлі топтарынан және түрлі табыс деңгейі бар 1080 тыңдаушы қатысты.
Сарыағаш, Қызылорда, Шымкент, Тараз, Талдықорған, Семей, Қарағанды және Алматы қалаларындағы Агенттіктің өңірлік өкілдіктері басқармаларынан шақырылған спикерлер қаржылық қызметтер тұтынушыларының құқықтарын қорғау жөніндегі қаржылық реттеуші тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыруға, алаяқтық пен қаржылық пирамидаларға қарсы әрекет етуге бағытталған жұмыс туралы әңгімелеп берді. Тренинг тыңдаушылары кең таралған алаяқтық түрлері мен тәсілдері, қаржылық пирамидалардың белгілері туралы ақпарат алды, оларды қалай тану, өзін және өз жақындарын қалай қорғауға болатындығы туралы білді. Агенттік өкілдері сондай-ақ азаматтардың мерзімі өткен берешегін реттеу тақырыбы бойынша тыңдаушылардың қойылған сұрақтарына жауап берді.
Оқыту шараларына Қазақстанның зейнетақылық жүйесі туралы айтқан БЖЗҚ өкілдері қатысты.
Аталған тренингтердің негізгі аспектісі болып бюджетті басқаруды үйрету болды. Азиялық Несие Қорының қызметкерлері тыңдаушыларға қаржыны бюджеттеу дағдысы әр отбасының қаржылық тұрақтылығы үшін негіз болып табылуы үшін басымдықтарды қалай анықтау, шығыстарды бақылау және болашақ шығыстарды қалай жоспарлау керек екенін үйретті. Сонымен қатар, АНҚ қысқа уақыттық пайда ғана әкеліп қоймай, болашақ мүмкіндіктер мен даму үшін негіз құрайтын, ауыл тұрғындары өз өмірінде пайдалана алатын жинақтаудың түрлі әдістері туралы әңгімеледі.
Тыңдаушылар өткізілген тренингтер мен алынған ақпаратты жоғары бағалады. Олардың 96% таңдалған тақырыптың маңыздылығын атап өтті, 92% өмірлік тәжірибелеріне қарамастан, өздері үшін көп жаңа нәрсе үйренгенін айтты, 98% келесі жылы АНҚ тренингтеріне қатысуға тілек білдірді.
АНҚ қаржылық емес тренингтері ұдайы білім алу және тәжірибелік дағдылардың өмірді қалай жақсартуға болатындығының жарқын үлгісі болып табылады. АНҚ бұдан да көп адамдардың осындай құнды ақпаратқа қол жтекізіп, өзінің қаржылық әл-ахуалын жақсарта алуы үшін осындай жобаларды келешекте жалғастыруды жоспарлап отыр.