“Іскерлік көрініс” журналында 2017 жылғы мамырында жарияланған
Азиялық Несие Қоры (бұдан әрі АНҚ немесе Компания) қазақстандық заңнамаға сәйкес тіркелген және қызмет ететін микроқаржылық ұйым болып табылады. Қазақстандағы микроқаржылық ұйымдардың қызметін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі реттейді. Компания негізінен Қазақстанның ауылдық аймақтарында шағын бизнесті дамытуға және үй шаруашылықтарын дамытуды қолдау үшін микрокредиттер ұсынады.
Биылғы жылы Азиялық Несие Қорына 20 жыл толады! Өзінің қызмет ету уақыты ішінде 2016 жылдың 31 желтоқсаны жағдайы бойынша АНҚ өзінің қаржылық қызметтерімен Қазақстан Республикасының 99 054 кәсіпкері мен үй шаруашылықтарына жалпы сомасы 19 млрд. 520 млн. теңгеге қолдау көрсетті. Компания елдің алты облысындағы 32 кеңседен тұрады, олардың 27-сі ауылдық аудандық орталықтарда орналасқан. Компанияда 223 қызметкер жұмыс істейді. Берілген несиелер көлемінің 97% ауылдық аймақтарға келсе, АНҚ қарыз алушыларының 96%-ын әйелдер құрайды. Компания мақсатты аудиторияны дамытудың қаржылық емес қызметтеріне үлкен көңіл бөледі. Мәселен, АНҚ 17 057 қарыз алушысы қаржылық сауаттылық бойынша негізгі білімдер алып, 302 ауылдық қарыз алушы АНҚ «Өз бизнесіңді баста» тақырыбы бойынша тегін тренингтерге қатысты.
Компанияның 20 жылдығы біздің республикамыздың орасан зор халықаралық оқиғасы – «Болашақ энергиясы» белгісімен өтетін ЭКСПО-2017 өткізумен тұспа-тұс келді.
2015 жылы Директорлар Кеңесімен қабылданған Азиялық Несие Қорының бес жылдық стратегиясына сәйкес 2017 жыл Жасыл экономика жылы болып жарияланды, бұл ауылдық тұрғындар үшін жасыл несиелерді беруді арттыруды көздейді. Жасыл экономика негізінде – таза немесе «жасыл» технологиялар. Мамандардың айтуы бойынша «жасыл» экономиканы дамыту біздің елімізге өзінің ауқымдарымен көптеген индустриалдық мемлекеттерді шалып өткен экологиялық дағдарысты болдырмауға мүмкіндік береді. Біздің мемлекетіміздің Президенті осы ұғымға еліміздің кейінгі дамуы жолындағы бірінші кезектегі факторлардың бірі ретінде жоғары басымдылық беріп отыр. АНҚ болашақ ұрпақ үшін ресурстарды үнемдеу стратегиясын толығымен қолдайды және осы қолдауын істерімен жүзеге асырып отыр.
Мәселен, 2012 жылы Компания тұрғын үйді және коммерциялық жылжымайтын мүлікті энергияны үнемдеу элементтерімен жөндеу бойынша арнайы несиелік өнімді әзірледі және енгізді. Ол еліміздің кәдімгі ауылдық жерлеріндегі үйлерді жылытуға шығындарды төмендетуге көмектеседі, жылдың суық маусымында жылуды ұстауға және атмосфераға зиянды шығарындылар мөлшерін төмендетуге ықпалын тигізеді. Несие мақсаттарына терезелерді орнату және ауыстыру, шатыр мен қабырғаларды жылыту, газбен жылыту жүйесін өткізу, жаңартылатын энергия көздерін (мысалы, күн батереяларын) пайдалану кіреді. Несиенің ең жоғары сомасы 1 000 000 теңге, мерзімі – 24 ай. Несиелік өнімді енгізу сәтінен бері және 2016 жылдың 31 желтоқсаны жағдайы бойынша Компания 338 млн. теңге сомасына 789 несие берді. Энергияны үнемдеу шараларын өткізу отбасыларға ең алдымен коммуналдық шығыстарды төмендетуге мүмкіндік берді, бұл отбасы мүшелерінің денсаулығына оң әсерін тигізуге, сондай-ақ құрылыстық/жөндеу жұмыстарын жүргізу есебінен жылжымайтын мүліктің құнын арттыруға мүмкіндік берді.
«Жасыл» қағидаттарды ілгері жылжыту аясында 2016 жылы АНҚ Сарыағаш ауылындағы кеңседе 20 күн панельдерін орнатуды жүргізді. Күн панельдері электр энергиясын өндіру және жинақтауға арналған аккумуляторларға және инверторға қосылған, және кеңсені толығымен электр қуатымен жабдықтайды. Жоба табысты аяқталды, кеңсе күн панельдерінен алынатын электр энергиясының арқасында үздіксіз жұмыс істейді.
Азиялық Несие Қоры өзінің 20 жыл бойы қызмет ету барысында тамаша қарыз алушы клиент жинап қоймай, Deutsche Bank, Incofin, Responsibility, Oikocredit, MicroVest, MCE, сондай-ақ АҚШ Халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID), BFC консалтингілік компаниясы сияқты сенімді әрі тұрақты серіктестерге ие болғанын атап кету керек. Сонымен қатар, АНҚ Қазақстанның Микроқаржылық ұйымдар қауымдастығының (ҚМҚҰҚ) және Польша Микроқаржылық Орталығының (MFC) мүшесі болып табылады. 2015 жылы АНҚ Халықаралық қаржылық корпорациясы (IFC) жобасының шеңберіндегі Шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі Дүниежүзілік Қаржылық Форумның құрылтайшыларының бірі болды. Компанияның қызметі аудиторлық компаниялардың үлкен төрттігімен тексеріледі. АНҚ бірнеше мәрте Ұлттық Бизнес Рейтингтің, соның ішінде номинацияларда сенімді салық төлеуші ретінде жоғары өсу көрсеткіштері үшін үздік атанды. Компания өзінің қызметкерлерін ұдайы оқытудан өткізеді және ауылды жерлерде қайырымдылық акцияларын өткізеді.
АНҚ дүниежүзілік дағдарыс сияқты күрделі экономикалық құбылыстарға қарамастан өз жоспарлары, идеяларын жүзеге асырады. 2008 жылы, бетбұрысты кезең кезінде АНҚ дағдарысқа төтеп беріп қана қоймай, өсу қарқынын көрсете білді, бұл Компанияның күшті мінезі мен мүмкіндіктерін дәлелдеп берді. Азиялық Несие Қоры Жиырма жылдық тарих хикаясын фактілер және цифрлармен растайды. Компания табысы – күшті команданың еңбегінде, тұрақты серіктестерде, достары мен Компанияның өз қызметі барысында бүгінгі күнге дейін ұстанып келе жатқан табысты стратегиясында!