2017 жылдың 20 сәуірінде Алматы қаласында Қазақстанның микроқаржылық ұйымдарының қауымдастығы мүшелерінің жыл сайынғы жиналысы өтті. Бұл жиында Қауымдастық қатысушылары микроқаржылық нарықтағы ағымдағы жағдайды талқылады, сондай-ақ 2017-2018 жж. жұмыстар мақсаттары мен жоспарын бекітті.
Жиналыс аяқталғаннан кейін Қауымдастық үздік микроқаржылық ұйымдарды марапаттау рәсімін өткізді. Азиялық Несие Қоры, микроқаржылық нарықтағы көшбасшылардың бірі, «Бизнестегі әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту» және «Жасыл экономика» қағидаттарын белсенді жүзеге асыруы үшін мақтау қағазына ие болады.
Қызметінен басынан бастап әйелдер АНҚ мақсатты тобы болды. 2016 жылы АНҚ 2016-2020 жаңа стратегиясына сәйкес АНҚ әйелдердің ауылдық аудандарда жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметіне қолдау көрсету ісінде өз белсенділігін арттырды. АНҚ неліктен әйелдерге қолдау көрсетуге ерекше назар аударады? Әйелдердің экономикалық белсенді тұрғындардың басым бөлігін құрайтындығына қарамастан, олар көптеген проблемаларға тап болып жатады. Мәселен, бейресми секторда жұмыс істейтін әйелдердің ерлермен салыстырғанда, көп жағдайларда активтері, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері мен басқа да мүмкіншіліктері аз болып жатады. Сонымен қатар, әйелдердің бастапқы капиталға немесе айналымдық қаражаттарға қолжетімділігі жоқ, олар ер адамдармен салыстырғанда төменірек жалақы алады. Әйелдермен жұмыс істей келе, АНҚ әйелдердің өз бизнесін бастап қана қоймай, бизнесті басқаруда және шешімдер қабылдауда ұқыптырақ, өзіне алған міндеттемелерді орындауға жауапкершілікпен қарайтындығын, және қажет емес тәуекелдерді барынша болдырмауда сақ болатындығын байқады. Ерлермен салыстырғанда әйелдер алған табыстарын отбасының игілігіне жұмсап, балаларының болашағына салым жасайды. Сондықтан, 2016 жылы АНҚ ауылдық аймақтардағы әйелдер арасында олардың өз дағдылары мен сүйікті істерінен пайда ала алатындығы туралы түсінікті қалыптастыра бастады, оларды өз бизнесін ашуға немесе айналысып істерін АНҚ қаржылық көмегімен кеңейтуге, сондай-ақ түрлі қаржылық емес тренингтерге қатысуға шабыттандырды. Мәселен, тек 2016 жылы әйелдерге қолдау көрсету стратегиясы шеңберінде АНҚ 17 200 әйелге қолдау көрсетті, оларға бизнесті кеңейту және отбасының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін 3,7 миллиард теңге ұсынды. Қаржыландырумен қатар, АНҚ ауылдық аудандардағы әйелдерге қаржылық емес қызметтер ұсынды, бұл шаралар әйелдерге өздерінің бизнесті жүргізу дағдыларын жақсартуға көмектесті. Атап айтсақ, АНҚ Қазақстанның 6 аймағында «Бизнесті нөлден қалай бастауға болады» тақырыбына тренингтер өткізді, сондай-ақ отбасылық бюджетті басқару жөнінде оқыту өткізуге бағытталған «Өз болашағыңды жоспарла» атты қаржылық білім беру бойынша өз бастамасын жалғастырды.
«Жасыл экономика» қағидатын АНҚ 2011 ж., энергияны үнемдеу элементтері бар Қазақстанның ауылдық үй шаруашылықтарын несиелеу жобасын енгізді. ЮСАИД ұйымының 1.0 млн. АҚШ доллар мөлшерінде кепілдігі, сондай-ақ жобалардың энергиялық тиімділігін бағалауда пайдалануға арналған бағалау карталарын әзірлеуге көмек көрсетті. Мәселен, 2011 жылдан 2016 жылға дейін аралықта жалпы сомасы 337,0 млн. теңгеге 752 энергиялық тиімді қарыздар берілді. Олардың 54% ресурстары үйлерді жылытуға және 46% жылыту жүйесін ауыстыруға пайдаланылды. Бұл бағдарламаны нәтижесі болып ауылдық тұрғындардың тұрмыстық жағдайларын жақсарту, олардың денсаулығына оң әсері ғана емес, экологияның да жақсаруы да табылады. Нақтырақ мысал келтіретін болсақ, бағдарламаны енгізудің басынан қаржыландырылған үй шаруашылықтарының көмірқышқылды газдың тастандылары 520 тоннадан артық қысқарды.
Жасыл экономика қағидаты сондай-ақ ұйымның өзінде де енгізілді. 2016 ж. АНҚ Сарыағаш кентіндегі АНҚ кеңсесінде 20 күн панелін орнатты, олар бүкіл кеңсені электр қуатымен жабдықтайды. Компания осы жобаны АНҚ басқа кеңселерінде де жалғастыруды жоспарлап отыр және басқа қазақстандық компаниялардың осы бастамаға қолдау көрсететіндігіне үміттенеді!