Агробизнесті дамыту жөніндегі топ АНҚ-ға «2017 жылда агробизнесті дамыту» есебі үшін Қазақстандағы ауыл шаруашылығы туралы ақпаратты ұсынғаны үшін алғыс білдірді.
Азиялық Несие Қоры (АНҚ) 46 басқа микроқаржылық ұйымдар, Қазақстанның микроқаржылық ұйымдар қауымдастығының мүшелері арасынан ауыл шаруашылығы саласындағы сарапшы компания ретінде ЕВА топпен таңдалып алынды. Компанияның 1997 жылы негізі қаланған кезден-ақ АНҚ ауыл тұрғындарына қарыздар береді. Бүгінгі таңда АНҚ 96% клиенттері ауыл аймақтарының тұрғындары болып табылады. АНҚ Қазақстанның алты аймағында 1100 ауыл мен шағын қалаларда жұмыс істейді. Осылайша, алған білімдер АНҚ-ға жоғарыда көрсетілген есепті жасауға айтарлықтай үлес қосуға мүмкіндік берді. ЕBА тобы АНҚ несиелік әкімшіліктендіру бөлімінің бастығы Джалол Мурзахметовқа жоғары сапалы ақпаратты беруге қатысқандығы үшін алғыс хат табыстады.
«Агробизнесті дамыту» есебін жасау кезінде ауыл шаруашылығында және агробизнесте нарықтар қалай қызмет ететіндігіне ықпал ететін нормативтік ережелерге шолу жүргізіледі. Оның негізгі мақсаты – қауіпсіздік пен сапаны бақылауды, сондай-ақ агробизнес кәсіпорындарына қолдау көрсететін реттеудің тиімді процестерін қамтамасыз ететін «ақылды реттеуге» көмектесу.
2017 жылға ЕВА есебі – реті бойынша үшінші жылдық есепте 62 елде 12 негізгі қызмет салалары бойынша агробизнес кәсіпорындары үшін құқықтық кедергілерді бағалайтын деректер бар: жер, тұқымдар, тыңайтқыштар, жабдық, су, мал, қаржы, нарықтар, көлік, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және т.б. Бұл деректерді мемлекеттік органдар, инвесторлар, зерттеушілер мен агробизнесті жүргізу үшін ортаны реттеуге мүдделі басқа да тұлғалар түрлі елдерде бағаланатын көрсеткіштер бойынша қызмет тиімділігін бағалау үшін, елдің қандай даму кезеңінде тұрғандығын түсіну, көршілес елдермен қызмет тиімділігін салыстыру және өркендеп келе жатқан ауыл шаруашылық секторын қалыптастарыу үшін аса маңызды болып табылатын жақсартуды талап ететін салаларды анықтау мақсатында пайдалана алады.
Толық есеп http://eba.worldbank.org/