«Жасыл экономика» және «жасыл несиелер» 2017 жылдың 24-25 ақпанында Алматы қаласында өткен «Азиялық Несие Қоры» микроқаржылық ұйымы» ЖШС (бұдан әрі – АНҚ) негізгі қызметкерлерінің жылдық жиналысындағы негізгі тақырыптар болды. Жиналыста 2016 жылдың қорытындылары жасалып, 2017 жылға жоспарлар белгіленді. Компанияның 5 филиалының 30 негізгі қызметкері осы жиналысқа белсене қатысты.
2017 ж. – Азиялық Несие Қоры үшін маңызды кезең. Бұл компанияның 20 жылдығы аталатын жыл!
Біз баршамыз биылғы жылы Қазақстанда «ЭКСПО 2017» аса ірі шараның өткізілетіндігін білеміз. ЭКСПО тақырыбы – «Болашақтың энергиясы» энергияның үнемдеудің үздік әлемдік технологиялары, жаңа әзірлемелер мен қолданыстағы баламалы қуат көздерін пайдалану технологияларын ашады. АНҚ стратегиясында 2017 жыл жасыл несиелік бағдарламалар мен қызметтерлі енгізу жылы болып белгіленген. Осыған байланысты АНҚ бүкіл жылды «Жасыл экономика» тақырыбымен өткізуді шешті.
Біздің компания үшін бұл нені білдіреді? Бұл біздің биылғы жылы жасыл микронесиелерге (энергияны үнемдейтін) көбірек көңіл бөлетіндігімізді, жасыл акциялар мен қайырымдылық жобаларды өткізіп, біздің клиенттерімізді энергияны үнемдеу және ресурстарды тиімді пайдалануға үйрететіндігімізді білдіреді. 2012 жылы АНҚ тұрғын жай мен коммерциялық жайларды жөндеуге несиелік өнімді әзірледі және енгізді. 2016 жылдың 31 желтоқсанына Компания жалпы сомасы 338 млн. теңгеге осындай 789 несие берді.
2016 жылы АНҚ «Жасыл экономика» жылына дайындықты бастады, бұл үшін Сарыағаш ауылындағы АНҚ бөлімшелерінің бірін бүкіл кеңсені электр энергиясымен қамтамасыз ететін 20 күн панельдеріне ауыстырды. Біз АНҚ-ның қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесін Қазақстандағы басқа компаниялар да қолдайтындығына үміттенеміз!
Жыл сайын жиналыста үлкен табыстарға жеткен Компания филиалдары мен бөлімшелері аталып өтіледі. Мәселен, екінші жыл қатарынан Тараз қаласындағы филиал «Үздік филиал» номинациясында жеңімпаз аталды, үздік кеңсе атағын Мерке кентіндегі кеңсе иеленді. Бөлімшелер арасындағы екінші орынды Тараз қаласындағы кеңсе және үшінші орынды Қордай қ. бөлімшесі жеңіп алды. АНҚ Компанияның жалпы мақсаттарына қол жеткізуге зор үлес қосқан АНҚ қызметкерлерінің еңбегін жоғары бағалайды!