2016 жылғы 29 тамыз
Алматы, Қазақстан
2016 жылғы 26 тамыз күні Азиялық Несие Қоры (АНҚ) МҚҰ ЖШС, Қатысушы елдердің (Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Украина) Ұлттық бизнес-рейтингтері одағының қамқорлығымен өткізілген ұлттық бизнес-рейтинг нәтижелері бойынша Сала Көшбасшысы 2016 ретінде марапатқа ие болды. Кәсіпорындардың рейтингіне сәйкес топ марапаттау рәсімі Алматы қаласында, осы Одақ тарабынан ұйымдастырылған бизнес-конференцияда өткізілді. Кәсіпорындардың рейтингін анықтау жұмысы, қаржылық-экономикалық көрсеткіштердің негізінде кәсіпорынның қызметін кешенді түрде бағалау болып табылады. Кәсіпорын өтінімді өзі бермейді және рейтинг жүргізу үшін ақша төлемейді. Бағалау жұмысы тегін, тәуелсіз түрде және мемлекеттік деңгейде орындалады.
Кәсіпорындардың бағасы бойынша сан көрсеткіштері (өндіріс көлемдерінің көрсеткіштері), сондай-ақ сапа көрсеткіштері (еңбек өнімділігі, өсу және арту ырғақтары және т.б.) есепке алынады. Өсу және арту көрсеткіштері, соның ішінде Қазақстанның облыстары қимасында қызметкерлер мен кеңселердің саны бойынша өсу және арту көрсеткіштері АНҚ-ның 2016 жылы сала көшбасшысы болуына себеп болды. Құрметті мәртебенің растауы ретінде компанияның басшысы Жақыпова Жанна Болатханқызына ұлттық сертификат, «Сала көшбасшысы» қабырға медалі және дербес орден табыс етілді.
2016 жылғы 31 шілдедегі жағдай бойынша АНҚ филиалдар желісі 30 кеңседен құралған, олардың 25 кеңсесі ауылдық аудан орталықтарында орналасқан. Персоналдың штаттық саны 213 қызметкерді құрады. Компания 2001 жылы құрылғаннан бері 45 000-нан астам кәсіпкерді қолдап, олардың 13.7 миллиард теңгелік идеяларын қаржыландырды. Басшылық пен қызметкердің кәсіпқойлығы, ең жақсы нәтижеге көзделу, клиенттерді қолдау және дамыту, осының барлығы компанияға жоғары нәтижелерге және «Сала көшбасшысы» құрметті атағына қол жеткізуге көмектеседі.
Салтанатты рәсімде АНҚ қызметкерлері де атап өтілді. Осылайша, жоғары дәрежелі біліктілігі, мінсіз іскерлік абырой-беделі, ынтагерлігі, міндеттерді атқарудағы тиімділігі және компанияның құндылықтарына адалдығы үшін Шымкенттік филиалдың директоры Далиев Мұхит Ақылбекұлы медальмен, ал АНҚ Шымкенттік филиалының бизнесті дамыту жөніндегі маманы Сағынбекқызы Шолпан – «Жыл қызметкері» ұлттық сертификатымен марапаттады. Атқарушы директор Жақыпова Жанна атап өткендей, АНҚ басшылығы өз қызметкерлерінің Компания мақсаттарына жету үшін қосқан үлесін жоғары бағалайды. Бұндай қызметкерлер жаңа қызметкерлерге бағдар беретін үлгі болып, Компанияның барлық қызметкерлерінің мақтанышы мен таянышына айналады.
Халықаралық бизнес-конференцияның барлық қатысушылары салтанатты рәсімге барып келді, бұның үстіне бизнесті құру және дамыту саласында жаңа білім алды.
Қосымша ақпарат алу үшін мына байланыс деректері бойынша хабарласыңыз:
Жақыпова Жанна Болатханқызы
Атқарушы директор
«Азиялық Несие Қоры» микроқаржы ұйымы» ЖШС, Алматы қ-сы, Қазақстан
Тел.: +7-7272-50-61-90
Электрондық пошта мекен-жайы: info@acfund.kz