Топтық кредит
Үржар ауылы, 2013 жыл
Оты екі жастағы Амирханова Маржан – Семей филиалы Үржар кеңсесінің алғашқы клиенттерінің бірі. Маржан Азиялық Кредит Қорынан (АКҚ) 4 жылдан аса уақыт бойы несие алып отыр.
Клиент жұбайы және 14 жасар ұлымен бірге Үржар ауылында тұрады. Маржанның жұбайы ет қасапханада кесуші болып еңбек етеді, ұлы 7 сыныпта оқиды, дзюдомен айналысады және болашақта кәсіпқой спортшы, тіпті олимпиадалық чемпион болғысы келеді. Қазіргі таңда Маржан жолдасымен бірге отбасылық бизнеспен, атап айтқанда мал, ет сатумен және үй шаруашылығын ұстаумен айналысады.
Үржарда АКҚ ашуға дейін Маржанның 1 сиыры ғана болған, оның сүтін көршілерге сататын, бірақ сиыры жылдың ең жақсы маусымының өзінде күніне 5 литр ғана сүт беретін. Клиент сүтті бір литры үшін 50 теңгеден сататын, және де оның айлық табысы бар жоғы 7500 теңгені (USD $48) құрады. Мұндай іс аса әкеле қоймағандықтан Маржан мал басын көбейтуді армандайтын, бірақ оның ойын өз бетінше жүзеге асыру үшін қаражаты жеткіліксіз болды.
2009 жылы клиент АКҚ туралы естіген, содан кейін кеңес алу үшін компанияға келген. Оны топтың кредиттеудің шарттары, әсіресе біздің компанияда топтық кредиттеу кепілсіз болып табылатындығы қуантты, себебі оның шын мәнінде кепілге қоятын ешнәрсесі болмады. Маржанға тек топ жинау ғана қалды.
Клиент 4 адамнан тұратын топты жинады да, сол жылы-ақ АКҚ-да 80 000 теңге мөлшеріндегі 7 айға алғашқы кредитін алды. Бұл ақшаға Маржан сиыр сатып алды, оны жемдеп, бордақылап, қайта сатуды шешті, және өзінің алғашқы пайдасын – 10 000 теңгесін алды. Бұл уақытқа дейін Маржан өзінің бірінші кредитін өтеді. Бірақ Маржан сонымен тоқтап қалмай, АКҚ-нан тағы 2 сиыр сатып алу үшін қайтадан кредит алды. Бұл бизнес өте тиімді болды, және отбасына тұрақты табыс әкелді. Маржан бұл қаражатты өзінің фермасын ұлғайту үшін жұмсады.
АКҚ-мен 4 жылдай қызметтестікте болып, Маржан жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Клиенттің өзі айтқандай «АКҚ арқасында мал басын арттыру арқылы өзімнің отбасылық жағдайымды жақсарту мүмкіндігім пайда болды». Қазіргі сәтте Маржанның үйінде 3 жылқы, 30 қой және 3 бас ірі-қара малы бар. Мал өсірумен қатар Маржан ет сатумен де айналысады.
2014 жылдың жазында Маржан АКҚ-мен кейінгі қызметтестігіні жоспарлап, бал арасы шаруашылығымен айналысу үшін жаңа кредит ресімдеуді шешеді. Маржан өзінің ісін дамытып, арттырғысы келеді, себебі Маржанның өімірінде жаңа мақсат пайда болды, ол Алматы қаласынан, сол қалада оқығысы келетін ұлы үшін пәтер сатып алғысы келеді.
Клиент АКҚ-на алғысын білдіреді және осы қордың қолдауынсыз ол өз фермасын осындай деңгейге көтеріп, оны дамыта алмас екендігін айтады. Клиенттің тарихына қарай отырып, өз арманына жету үшін еңбек ету және ұмтылу керек, ал армандар міндетті түрде орындалады деп сеніммен айтуға болады!