Аягөз, Семей Филиалы
Алтынжан Аязбаева ханым, 59 жаста, Шығыс Қазақстанның Семей облысының Аягөз қаласында тұрады. Ол, өз қаласының негізгі көшесінде жеміс-көкөніс дүкенін ұстайтын зейнеткер. Алтынжан маусымдық жемістер мен көкөністерді, мысалы: алманы, сәбізді, картопты, қиярлы, қызанақтарды және пиязды сатады. Көктемде жергілікті үй бақшаларына тұқымдар мен екпе көшетті де сатады. Ол, сатып алушылардың дәмелеріне сай келетін сұрыптамадағы жоғары сапалы тауарларды сатуға әрқашан тырысады. Өзінің кішігірім бизнесін қолдау үшін Алтынжан АНҚ-нан несие алды және өзінің несиелік өнімін үш жыл бойы пайдалануда. Алтынжан $1,400 көлеміндегі екінші несиесін бір жылға алғаннан және оны айналымдық капитал ретінде пайдаланғаннан кейін 6 ай өткеннен соң, оны бизнесті дамыту тақырыбындағы АНҚ тегін тренингтерінің біріне қатысуға шақырды. Тренингтің тақырыбы «құлпынай өсіру» болды. Бір күндік тренинг кезінде АНҚ жаттықтырушысы жергілікті практикпен бірге 20 қатысушыны, негізінен АНҚ клиенттерін құлпынайды өсіру техникаларына үйретті.
Алтынжанның кішігірім үйі мен бақшасы, «саяжайы» болды, ол жақта картоп, сәбіз және қиярлар өсірілді. Өскен өнімдерінің бөлігін өзі тұтынуы үшін қалдырып, қалған бөлігін өзінің сауда дүкенінде сатты. Жағдайлардың тоғысуы салдарынан, Алтынжан өз өнімдерінің сұрыптамасын түрлендіру үшін құлпынайды бақшада өсуді де ойластырды. Жүк көліктерімен әкелінген құлпынай, жоғары тасымал шығындары себебінен қымбат және орташа сатып алушы үшін қолжетімсіз болды. Сонымен қатар, құлпынай әдетте жергілікті халық арасында деликатес болып саналды, оған сұраныс болды және оны жеке бақшада өсіру мүмкіндігі болды. Құлпынайға күн, су және күтім керек. Осылайша, АНҚ-нан және жаттықтырушыдан шабыт алған ол, өз бақшасында құлпынай өсіру идеясын жүзеге асыруды ұйғарды. Келесі жылдың көктемінде Алтынжан, АНҚ жаттықтырушысы үйреткен техникаларды сақтай отырып, құлпынайдың алғашқы 200 түбін отырғызды. Пісіп-жетілген құлпынай тез арада сатылғандықтан, Алтынжан зейнетақыға үстеме қаражатпен қамтамасыз етілді. Қазіргі уақытта ол АНҚ клиенті болып қала беруде және өзінің айналымдық капиталын толықтыру үшін үшінші топтық қарыз алды.