26 қаңтар 2016 ж.
Алматы, Қазақстан
Азиялық Несие Қоры микрокредиттік ұйымы Қазақстанның озық микрокредиттік ұйымдарының бірі болып табылады. 1997 жылдан бастап, бағдарламаны іске қосқан сәттен бері Компания 39260 шағын кәсіпкерлер мен ауылдық үй шаруашылықтарын қолдап, 15 млрд. теңге (76 млн. АҚШ долларына жуық) қаржы бөлді.
АНҚ қаржылық ұйым болып табылатындығына қарамастан, Компания әрдайым өз клиенттеріне олардың бизнесін, өмір сүру сапасын жақсарту және қаржылық табыстарын арттыру мақсатында қаржылық емес қызметтер ұсынып келді. 2015 жылы АНҚ осы қаржылық емес бастаманы ресімдеп, АНҚ клиенттері үшін Бизнес-Академияны құрды. 2015 жылдың ішінде Бизнес-Академия Қазақстанның 56 елді мекенінің 200 ауылдық үй шаруашылықтары үшін «Өз бизнесіңді қалау бастауға болады» деген тақырыпта оқыту жүргізду. Тренингтерді АНҚ кәсіби жаттықтырушылары жергілікті табысты тәжірибелі мамандардың қатысуымен өткізді. Теория мен тәжірибені ұштасуы ауыл тұрғындарына мал шаруашылығы мен көкөністер өсіру бойынша құнды білімдер мен практиктердің кеңестерін алуда өз септігін тигізді. Барлық семинарлар қатысушылары АНҚ қаржылық емес қызметтерін жоғары бағалап, осындай маңызды жұмысты жалғастыруға ұысыныс берді. 2016 жылы АНҚ тренингтердің тізімін, құс шаруашылығы, шағын наубайхана ашу, сүт өнімдерін өндіру, көкөністер мен жемістерді сақтайтын қойма жасау сияқты бизнес-идеялармен кеңейтуді жоспарлап отыр.
Клиенттердің қаржылық білімі – бұл АНҚ қаржылық емес қызметтерінің екінші құрамдасы. 2015 жылдың ортасында АНҚ ауылдық үй шаруашылықтарын табыс алу, қаражатты дұрыс жұмсау және үнемдеу жолдарын қоса алғанда, ақша қаражатын басқару әдістеріне үйретуге бағытталған «Өз болашағыңды жоспарла» бағдарламасы бойынша қызметтер ұсынуды жалғастырды. Бағдарлама аясында 2015 жылы АНҚ Компания клиенттерін отбасылық бюджетті жүргізу дағдыларына практикалық үйрету бойынша бастаманы іске қосты. 2015 жылдың 6 айы ішінде 6300 жуық ауылдық үй шаруашылықтары (оның ішінде 98% әйелдер) отбасылық бюджетті әзірлеу бойынша практикалық тренингтен өтті. Адамдарды қаржылық сауаттылыққа үйрете отырып, АНҚ нәтижесінде қаржылық ресурстарды тиімді пайдалануға көмек беретін көзқарас пен мінез-құлықты қалыптастыруды мақсат етеді. Бастаманы бастағаннан кейін 6 ай өткеннен кейін-ақ АНҚ оның клиенттерге оң әсерін өлшей алды – бастама қатысушыларының 67% отбасылық бюджетті жүргізе бастады. Жүргізілген сауалнамаға сәйкес, қатысушылардың 52% қаражатты үнемдеу және 35% – табысты арттыру бойынша тренинг алуға қызығушылық білдірді. Алынған нәтижелер АНҚ-ның қаржылық білім беруі ауылдық үй шаруашылықтарының табысы үшін шын мәнінде қажет екендігін көрсетті. АНҚ жеткен табыстарға тоқтап қалмай, ауылдық қауымдастықтарға қаржылық сауаттылық бойынша білім алуға көмек көрсетуді жалғастыратын болады.