Алматы, 22 желтоқсан 2022 ж.
Symbiotics Investments Қазақстанда өзінің бірінші тәртіптелген қарызын көп жылдық серіктесі «Азиялық Несие Қоры» микроқаржылық ұйымы» ЖШС (бұдан әрі – АНҚ, Компания) берді. Алынған инвестициялар АНҚ капиталын қазақастандық теңгеге балама 1.5 млн АҚШ доллары сомасына ұлғайтады. Осы мәміленің арқасында АНҚ Қазақстанның ауылдық аймақтарындағы үй шаруашылықтары мен шағын бизнеске аса қажет қаржыландыруды ұсына алады.
Symbiotics Компанияның Қазақстанның ауылдық тұрғындары үшін қаржыландыруға қолжетімділікті кеңейту бойынша қызметін қолдай отырып, АНҚ-мен 2006 жылдан бері қызметтесіп келеді.
«Біз Symbiotics Investments серіктесімізден тәртіптелген қарыз алғанымызды мақтан етеміз. Бұл инвестициялар біздің Компанияның капиталын ұлғайтып қана қоймай, қаржылық қызметтерге қолжетімділікті кеңейту есебінен клиенттеріміздің табысын да арттыруға мүмкіндік береді», — дейді АНҚ атқарушы директоры Жакупова Жанна.
АНҚ Басқарма төрағасы Салихов Талғат былай деп атап кетті: «Symbiotics Investments берген тәртіптелген қарыз Компанияның дамуындағы маңызды кезең болып табылады. Біздің серіктестігіміз АНҚ қызметіне халықаралық инвесторлардың сенімі туралы айтады. Біздің компания әрі қарай да, әсіресе көптеген кәсіпорындар үшін өтімділік өте қажет болған қазіргі уақытта, бүгінгі аса қиын нарық жағдайында ауылдық үй шаруашылықтарын және шағын және орта бизнеске қызмет көрсетуді жалғастырады».
«Бұл мәміле Қазақстанда банктік емес қаржылық ұйымға шетелдік инвестор берген алғашқы тәртіптелген кредиттік желі болып табылады. Мерзімі бес жылдық ұлттық валютадағы кредитке қол қою біздің АНҚ-мен ынтымақтастығымызда жаңа бетті ашып отыр,” – деп түсіндірді Symbiotics Investments Кавказ және Орталық Азия аймағы жөніндегі өңірлік менеджері Александр Фандо.
Ақпарат алу үшін байланыстар:
Жанна Жакупова
“Азиялық Несие Қоры” МҚҰ» ЖШС
Атқарушы Директоры, Алматы, Қазақстан
Пошта: info@acfund.kz
Samy Derradji
Корпоративтік коммуникациялар жөніндегі менеджер, Symbiotics
Пошта: samy.derradji@symbioticsgroup.com