9- қазан, 2015 ж.
Алматы, Қазақстан
2015 жылдың 5-қазанында «Азиялық Несие Қоры» микроқаржы ұйымы ЖШС (бұдан әрі – АНҚ) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде тіркеуден сәтті өтті және Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары тізіліміне енгізілді.
Тіркеуден кейін АНҚ басқа да қаржы нарығының қатысушылары сияқты белгілеген пруденциалдық нормативтерді және Ұлттық Банктің есептеме стандарттарын сақтауға тиіс.
АНҚ тіркелген ұйым ретінде несиелендіру қызметтерінен басқа өз клиенттеріне лизинг, сақтандыру және кеңес беру сияқты қосымша қызметтерді ұсына алады.