2022 ж. қазан айында АНҚ Enabling Qapital – Швейцария, Цюрих қаласында орналасқан штаб-пәтері бар инвестициялар мәселелері жөніндегі жетекші консалтингілік компаниясынан 2,0 млн доллары мөлшеріндегі қаржыландыру алды. Қаржыландыру мақсаты – Қазақстандағы үй шаруашылықтары, атап айтқанда, әйелдер мен ШОБ иелерін қаржылық қызметтермен қамтуды кеңейту. АНҚ 2022 жылдың соңына 37 000 ауыл тұрғындарын өз қызметтерімен қамтуды жоспарлап отыр.
«Enabling Qapital Ltd АНҚ-ға қаржыландыру беретін әлемдегі 10 халықаралық кредиторлардың санатына қосылды. Біз жаңа серіктесті қарсы алуға қуаныштымыз және ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа үміттенеміз. Мен біздің бірлесе отырып, қаржылық қолжетімділікті және Қазақстанның ауылдық жерлерінде шағын және орта бизнестің өсуін жақсартамыз деп сенемін»,— дейді АНҚ атқарушы директоры Жанна Жакупова.