АНҚ қарыз алушылары «Азиялық Несие Қоры» МҚҰ» ЖШС (АНҚ) үшін әрдайым негізгі басымдылық болып табылады. Бұл туралы АНҚ микроқаржыландыру, SMART сертификаттауы саласындағы 25 жылдық жұмыс тәжірибесі және сенім мен өз клиенттеріне өсу және даму үшін ең үздік мүмкіндіктерді беру тілегіне негізделген табысты ынтымақтастықтың көптеген мысалдары растайды.
2022 жылдың наурыз айында АНҚ клиенттерді қорғау жөніндегі CERISE және SPTF халықаралық міндеттемелеріне қосыла отырып, клиенттерге ең жоғары деңгейде қызмет көрсетуге бағытталған тұрақты позициясын дәлелдеді! АНҚ бүкіл дүние жүзі бойынша 76 қаржылық ұйымдардың құрамына кіреді және клиенттерді қорғаудың халықаралық қағидаттарын ұстануға берілген қаржылық қызметтер жеткізушісі ретінде CP Pathway веб-бетінде көрсетілген Қазақстандағы жалғыз ұйым болып табылады.
Клиенттерді қорғау қағидаттарына мыналар кіреді: өнімнің тиісті дизайны және оны жеткізу, шамадан тыс берешекке жол бермеу, ашықтық, жауапты баға құрылымы, клиенттерге әділ және құрметпен қарау, құпиялылық, клиенттер деректерінің қауіпсіздігі және тұтастығы, сондай-ақ шағымдарды шешу механизмдері.
Азиялық Несие Қоры қазіргі уақытта Қазақстанның ауылдық аудандарында 35 000 клиентке 51 кеңсе арқылы қызмет көрсетеді. АНҚ әрдайым қарыз алушы клиенттердің қажеттіліктеріне бағытталған қызметтерді ұсынуға және осы көзқарасты ілгері жылжытатын барлық қажет тәжірибелерді көтермелеуге ұмтылады. АНҚ табысы 2017 жылы SMART сертификатын алумен расталған, ол 2019 жылы кейінгі екі жылға ұзартылды. CERISE және SPTF командасына қосылу туралы бастама АНҚ клиенттер құқықтарын қорғауға берілгендігін көрсету және компанияның Қазақстандағы клиентке бағытталған үздік МҚҰ болу жолындағы дұрыс қадам болды», – деді АНҚ Атқарушы директоры Жанна Жакупова