Азиялық Несие Қоры Бақылау кеңесінің жаңа мүшелерін жариялауға қуанышты- Талғат Салихов және Досым Қыдырбаев.
Талғаттың “Price water house Coopers” және “Стратегиялық Бастамалар орталығы” сияқты түрлі белгілі қаржылық ұйымдардағы 8 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Қазіргі уақытта ол Қазақстандағы «Tengri Partners Investment Banking» АҚ Қаржылық кеңес беру және меншік инвестициялар бөлімшесінің басшысы болып табылады. Талғат корпоративтік қаржыларды тарту мен құрылымдастыру (қарыздық және меншік капталды) және бизнесті дамыту саласындағы терең білім мен тәжірибеге ие.
Досымның мұнай өндіру саласы, жергілікті және халықаралық компаниялардағы қаржы және консалтинг саласындағы 25 жылдық еңбек тәжірибесі бар. Қазіргі уақытта ол Қазақстан, Rakurs Consulting басқарушы серіктесі болып табылады. Компания, мемлекеттік құрылымдарды, квази-тәуелсіз холдингілер, ұлттық және меншік компаниядарды қосқанда, көптеген клиенттерге қаржылық және стратегиялық консалтинг қызметтерін ұсынады. Сонымен қатар, ол цифрлық картография, модельдеу, қашықтан зондтау саласы мен түрлі салалардағы: биоресурстар, ауыл шарушалығы, су жүйесі, экология, қалалық шаруашылық, туризмдегі аналитика бойынша АТ-шешімдер ұсынатын RakursTech компаниясында бас менеджер болып жұмыс істейді. Оның негізгі тәжірибесі бизнесті дамыту, аналитикалық зерттеулер жүргізу, қаржылық исклюзивтілік мәселелері, стратегияларды әзірлеу, сондай-ақ кеңістік және аумақтық даму мәселелерімен байланысты.