Алматы, Қазақстан – 24 ақпан 2014 ж. Бюджетке толенетін салықтық төлемдер мен басқа да міндетті төлемдері туралы ақпаратқа сәйкес, Ұлттық Бизнес-Рейтинг саралау нәтижелері бойынша Азиялық Несие Қоры – Қазақстан Pеспубликасы және Алматы облысында, шаруашылық жүргізу субъектісін экономикалық бағалау бойынша «Корпоративтiк табыс салығы» критериясында, орташа кәсіпкерлік категориясында 1-ші орынға ие болды (ҚР 31.01.2006, 6-бап № 124 – III “Жеке кәсіпкерлік туралы ” заңына сәйкес).
Бұл бағалаудын нәтижәсі бойынша Азиялық Несие Қорына «Сала көшбасшы 2014» статусы және медалі берілді, сонымен қатар Еліміздің экономикалық өркендеуіне үлес қосқаны үшін, компания басшысы Ж.Б. Жакупова Қазақстан Респупликасында жалғыз шығарылған «Қазақстан абройы» атаулы Орденімен марапатталды.
Және де Азиялық Несие Қорының басшысының ұсынысы бойынша Компанияның таңдаулы қызметкерлері де марапатталды. Алматы департаменті, Шелек суб-офисінің Бизнесті дамыту бойынша маманы – Г.М. Улпанова «Жыл маманы 2014» ресми Ұлттық сертификатымен марапатталды, ал Семей филиалының Мәліметтер базасын басқару бойынша маманы – А.Г. Амиргалинов еңбек қызметiнде «Тиімділік үшін» атаулы медальмен марапатталды.
Барлық қызметкерлер атынан «Азиялық Несие Қоры» Микронесиелік Ұйымын, Жанна Болатхановна және Компанияның таңдаулы қызметкерлері Улпанова Гуллизар мен Амиргалинов Асланды құрметті мадақтамаларымен құттықтап, оларға кәсіби жеңістерге жете берулерін тілейміз!