2013 жылдың 10 қазанында MicroFinanza Rating Рейтингтік Комитеті 2013 жылдың ақпан айында АНҚ-ға берілген BB – «Тұрақты» деңгейін растады. Рейтингтік команда АНҚ-на 2012 жылдың қараша айында келіп 2012 жылдың қыркүйек айын рейтингтік кезеңнің соңғы айы ретінде қарастырған еді.
MicroFinanza Rating өзінің ресми мәлімдемесінде 2013 жылы Компания өзінің тұрақты дамуын жалғастырды деп атап өтті. Қазіргі таңда АНҚ несие қоржынының 90 пайызы Қазақстан Республикасының шалғайдағы ауылды елді мекендердегі үй шаруашылықтарына берілген топтық несиелерден құралған. 2013 жылдың 30 –ыншы қыркүйегіне АНҚ-ң несие қоржыны $ 5,7 млн. құраса, клиенттер саны 8000-нан асады. 30 күннен жоғары тәуекелдегі қоржын көрсеткіші 0,3 пайызды құраса ал Компанияның қарыздар бойынша ықтимал шығындарға арналған сақтық қоры 5,5 пайызды құрады.
2012 жылы АНҚ USAID несиелерді кепілдендіру тарапынан қолдау тапқан Тұрғын үйлердің қуат тиімділігін арттыруды несиелеу бағдарламасын бастады. Бағдарлама басталған мезеттен бастап жалпы $726 000 сомасында қуат үнемдеу сипаттарын арттырудың қарапайым шараларын жүзеге асыру арқылы 232 ауыл тұрғыны үй жағдайларын жақсартты.