АНҚ стратегиялық филантропия бағдарламасының бір бөлігі ретінде ауылдағы жастарды қолдауға бағытталған қоғамдық жобалар жүргізеді.
Стратегиялық филантропия АКФ. 2002—2006
Жеке секторға бизнес ұйымдардың халықтың әл-ауқаты төмен топтарының күнделікті өміріне қандай оң үлес қоса алатындығын көрсету мақсатымен 2002 -2006 жылдар аралығында АНҚ аул жастарына бағытталған кешенді стратегиялық қайырымдылық бағдарламасын жүзеге асыруда.
$10,000 сәл астам соманы инвестициялап:
- АНҚ 5 қауымның 400 жуық адамның өміріне тікелей және мектептердегі спорттық ойындарға қолдау көрсету жолымен жанама септігін тигізді,
- аулдағы әл ауқаты төмен отбасынан шыққан жасөспірімдерге аса сұранысқа ие кәсіп бойынша білім алуларына 8 толық жәрдем стипендиясын тағайындады,
- ауқаты төмен отбасынан шыққан 115 жасөспірімнің жетекшілік және іскери машықтарын дамытуға қолдау көрсетті,
- Семей қаласы мен Алматы облысындағы Фабричный ауылында экологиялық шаралар өткізу үшін 164 оқушының басын қосты,
- жасөспірімдердің берік өмірлік ұстанымдарын қалыптастырып, қоршаған өмірге бейімделуге көмектесуге бағытталған «Ересек өмір табалдырығында» (“At the Beginning of the Journey to Adulthood” ) атты 100 жуық кітап таратты,
- Алматы маңындағы ұйғырлар шоғырланған ауылда үлкен қауымдық спорт алаңын салуда көшбасшы болып, АНҚ жұмыстарды аяқтауға 5 компанияны тартты.
2014 жылы АНҚ, халықтың әлеуметтік осал қабаттарын қолдауға бағытталған стратегиялық қайырымдылық жобаларын өткізу жұмысын қайта қолға алды.