5061 кез келген ұялы байланыс операторынан
Whatsapp чат-бот
АНҚ Офистар

Станислав Караваев

Study--photo1
Жеке несие
Ұзынағаш а., 2008 жыл

Станислав Караваев – 45 жастағы кәсіпкер – Алматы қаласынан шамамен 45 километр жерде орналасқан, 20 000 тұрғыны бар Ұзынағаш ауылындағы суретке түсіруші. Ауылда халыққа қызмет көрсететін үш мектеп, бір аурухана, үш банк, «Азиялық Несие Қоры» ұйымын қоса алғанда үш микронесие беретін ұйым бар.

Караваевтың бизнес тарихы – барабар қаржылай қолдаудың көмегімен шағын бизнестің қалай табысты болатындығына мысал.

Станислав әрқашан музыкамен, суретке түсірумен айналысуды ұнататын. Талдықорған қаласынан шыққан Станислав музыкалық колледжде оқуын аяқтағаннан кейін ауыл мектебіне мұғалім ретінде Ұзынағаш ауылына жолдамамен жіберілді. Станислав музыканы өте жақсы көрді, тіпті ауылдың жергілікті әлеуметтік өміріне қосқан үлесі ретінде ауылдық Вокалдық-Аспаптық Ансамбль құрды. Станислав отбасын құрып, қосымша табыс жолын іздей бастады, мұғалімнің жалақысы отбасын лайықты қамтамасыз етуге мүмкіндік бермеді. Қосымша кіріс шешімі оның әуесқойлығымен, атап алғанда суретке түсірумен қатар келді. Станислав алғашқы қызметін ауылдың орталық базары маңынан бастады, мұнда демалуға келгендерге естелікке суретке түсуді ұсынды. Станиславтың ең алғашқы жабдығы кеңестің ескі «Зенит» фотоаппараты болатын. Үлдірді шығару үшін Станислав Алматы қаласына баруға мәжбүр болатын, бұл ақырғы өнімді ұзақ күткісі келмейтін клиенттер тарапынан наразылықтар тудырды. Сонда Станислав АНҚ ауылдағы қарыз алушыларына келген АНҚ бизнесті дамыту жөніндегі талдаушыларымен танысты. Станислав бизнесін танытуға кепілсіз несие алу мүмкіндігінің болғанына қуанды. Ол алғашқы несиесін 2001 жылдың наурыз айында он айға мөлшерінде алды. Несие қаражатына Станислав үлдірді шығарып, сурет шығаруға қарапайым жабдық сатып алды. «Адамдарға менің суретті жасап шығару тәсілім ұнады: Мен оларды одан да жақсырақ, бақыттырақ етіп көрсетуге тырысамын, сондықтан суреттерін жақсы бір естелік ретінде сақтайды. Клиенттерім үнемі суреттерін көруге асығатын. Олар үлдірді шығарып, суретті басып шығару үшін қалаға баруым керектігін естігенде жиі ренжитін. Алғашқы несиемді алғаннан кейін өңдеу және басып шығару үшін жабдық сатып алдым, клиенттерімнің сұранысы өсті», – деп еске алады Станислав. «Тіпті аз ақша да өмірді өзгерте алады», – дейді Станиславтың алғашқы несие талдаушысы, қазіргі уақытта АНҚ Өңірлік Директоры Татьяна Лавренюк.

Study--photo2

Келесі 10 айға және 16 айға мөлшерінде алған екі несиенің көмегімен Станислав жабдығын жаңартып, ұсынылатын қызметтер сапасын жақсартты. Суретке түсіру қызметтеріне қосымша Станислав көшіру, компьютер жөндеу, құжаттарды басып шығару қызметтерін ұсына бастады, сондай-ақ кеңсе жабдықтарын сатып алуды ұсынды. Қызметтерді кеңейту бизнесті кеңейтіп, қаражатын үнемдеуге мүмкіндік берді, оны Ұзынағашта коммерциялық үй-жайды сатып алуға жұмсады. 2004 жылдың маусым айында Станислав алғашқы автомобилі Фольксвагенді сатып алу үшін мөлшерінде несие алуға АНҚ келді. Станислав клиенттер санын көбейту үшін мақсатты жұмыс істегендіктен, бизнесі үшін көлік керек деп шешті. Ұзынағаштың маңында үйлену тойы, мерейтой, баланың мектеп бітіруі сияқты өміріндегі бақытты сәттер туралы естеліктерді сақтап қалғысы келетін көптеген шағын ауылдардың тұрғындары бар. Станислав ауылды аймақтарда бизнесін кеңейту үшін автомобильді пайдаланды.

2005 жылы Қазақстан экономикасы дами бастады, жылдық өсім 9% жетті. Бұл бүкіл Қазақстан бойынша, соның ішінде ауылды аймақтарда тұратын адамдардың өміріне оң әсерін тигізді. Енді сандық фотоаппараттар сатып алуға көптеген адамдардың жағдайы келді. Сондықтан Станислав жаңа бәсеке ортада жұмыс істеу үшін бизнесін лайықтауы қажет болды. Базарда жаңа кәсіби шағын сурет зертханалары пайда болды, олар Станиславқа бизнесін алдыға жылжытуға көмектесті. Мұндай зертханалардың бағалары қомақты, 15,000$ бастап 35,000$ дейін ауытқыды, оны сатып алу үшін Станислав кезекті рет қаржы қолдауына мұқтаж еді. Ол қайтадан АНҚ қаржылай көмек сұрап келіп, бизнесті дамыту талдаушысымен жаңа жабдықты сатып алу жақсы инвестиция болар еді деп шешті. АНҚ мақұлдап, Станиславқа үш жылға мөлшерінде несие берді. Жаңадан сатып алынған жабдық Станиславқа кірісін екі есе арттыруға көмектесті, ол ертеңіне бұрынғыдан да сенімдірек қарайтын болды. «АНҚ сияқты сенімді қаржы серіктесімен ынтымақтасу бизнесімдегі кез келген қиындықтарды жеңіп, іскерлік өмірде биікте болуға көмектеседі, бұл жеке өміріме сенімімді арттырады. Мен екі баламның, жұбайымның болашағына, өз болашағыма сенімдімін», – дейді Станислав. «Мен үнемі бизнес бойынша клиенттеріме АНҚ нұсқау беремін, себебі мен осы ынтымақтастық олар үшін тиімді болатындығына сенімдімін».