5061 кез келген ұялы байланыс операторынан
Whatsapp чат-бот
АНҚ Офистар

Тохтахунова Халям

Алматы облысы, Енбекшіқазақ ауданы, Шелек бөлімшесі

АНҚ табысы – бұл ең алдымен, біздің клиенттердің табысы. Бүгін біз 6 жыл бойы біздің компанияның клиенті болып келе жатқан Тохтахунова Халям Таиповнаның табысының тарихымен бөліскіміз келеді.

Халям Таиповна АНҚ кеңсесіне алғашқы рет 2013 жылы келді. АНҚ клиенттерінің бірі оған біздің компанияның ауыл кәсіпкерлерін қаржылай ғана емес, бизнесті дамыту бойынша кеңестер беріп, көмектесетіндігін әңгімелеп берген. 2013 жылы Халям Таиповнаның Байсейіт ауылында азық-түлік өнімдерін сату бойынша шағын дүңгіршегі болған. АНҚ-ға 200 000 теңге мөлшерінде топтық шағын несие алуға келген ол өз бизнесін тауарлар түрлерін арттыра отырып, кеңейткісі келді. Осылайша, Халям Таиповна мен АНҚ-ның табысты ынтымақтастығының тарихы басталды.

Алты жыл бойы Халям Таиповна бизнесті дамыту және кеңейту мақсатында АНҚ-ға бірнеше рет жүгінген. Шағын дүңгіршектен бастап, ол павильондық түрдегі дүңгіршекті сатып алды, азық-түлік бизнесін өрлете түсі. Мұнда сауда жасау да ыңғайлы болды, тауарлары да еркін сыйып тұрды. Бизнесті әртараптандыруға шешім қабылдап, Халям Таиповна 20 тонналық контейнер сатып алды, оны қоспа жем сата бастады. Халям Таиповнаның қос бизнесі де республикалық маңыздағы Алматы-Нарынқол тас жолының бойында орналасқан. Бұл жол туристтік көрнекі жерлер – Шарын шатқалы мен Көлсай көлдеріне апарады, сондай-ақ Қырғызстанға қарай бағыттағы басты тас жолдарының бірі болатын, сондықтан да Халям Таиповнаның клиенттерді іздеуде қиыншылықтар болмайды.
Бизнесті Халям Таиповнаның өзі басқарады, ал жұбайы мен қызы оған қажет болғанда көмектесіп отырады. Халям Таиповна өзінің қызын бизнеске деген қызығушылық пен сүйіспеншілікке баулып өсірді. Қазіргі кезде ол тапсырыс бойынша самса пісірумен айналысады. Бизнестен басқа, отбасы мал шаруашылығымен белсенді айналысады. Шаруашылықтарында 3 сауын сиыр мен 3 бұзау бар, олар «Фуд-мастер» қазақстандық компаниясына сүтті өткізе отырып, қосымша табыс көзін қамтамасыз етіп отыр.
АНҚ-мен орнаған ынтымақтастық жылдары Халям Таиповна бизнесінің өзіндік апиталы 1 066%-ға (300 000 теңгеден 3,5 млн. теңгеге дейін) өсті, бұл отбасының хал-ахуалына оң ықпалын тиігзді. Мысалы, бизнесті қарқындауы Халям Таиповнаның қызына 2,0 млн. теңгеге «Ниссан» автокөлігін сатып алуға, отбасы үшін жаңа үй салып беруге мүмкіндік берді. 2017 жылы Халям Таиповна АНҚ-да энергиялық тиімділік элементтері бар тұрғын-үй шағын несиесін алды. Халям Таиповна сатып алған жылытуға арналған «Ақылды пеш» оған қысқы кезеңде көмірге жұмсалатын шығындарды айтарлықтай үнемдеуге көмектеседі. 2019 ж. жазында отбасы қоныс тойды атауды жоспарлап отыр, және де АНҚ-ға жаңа жиһаз алу үшін шағын несиеге өтінім бермекші.

«Мен өз бизнесімді АНҚ-дан бастадым, бұл мен үшін өмірдегі үлкен табысқа айналды. Маған біздің ынтымақтастығымыз өте ұнайды. Дұрыс қаржыландыру жүйесінің, сондай-ақ мен ынтымақтастық жылдары ішінде АНҚ-да алған қаржылық сауаттылық негіздерінің арқасында бүгінгі таңда мен табысты бизнеске қол жеткіздім. Сонымен қатар, АНҚ қолдауымен менің отбасымның әл-ауқаты жақсарды. Сіздерге рахмет, АНҚ!»