5061 кез келген ұялы байланыс операторынан
Whatsapp чат-бот
АНҚ Офистар

Азиялық Несие Қоры ҚМҚҰҚ «Қазақстан Республикасының микроқаржыландыру секторының дамуына қосқан үлесі үшін» және «Клиенттерді әлеуметтік қорғау қағидаттарына адалдық» алғысын алды

2019 жылдың 26 сәуірінде Алматы қаласында Қазақстанның микроқаржыландыру ұйымдары қауымдастығының (ҚМҚҰҚ) мүшелерінің Жалпы жиналысы өтті. Мұнда Қауымдастықтың 15 жылдық қызметіне қорытындылары жасалды. Аталған жиында Қауымдастық Директорларының кеңесі сайланып, Қауымдастықтың келесі кезеңге мақсаттары мен міндеттері айқындалды.

Жиын аяқталған соң Қауымдастық үздік микроқаржылық ұймдарын марапаттау рәсімін өткізді. Микроқаржыландыру нарығындағы үздіктердің бірі, Азиялық Несие Қоры «Қазақстан Республикасының микроқаржыландыру секторының дамуына қосқан үлесі үшін» және «Клиенттерді әлеуметтік қорғау қағидаттарына адалдық» алғысына ие болды.

Азиялық Несие Қоры Қазақстанның микроқаржыландыру саласында 20 жылдан артық қызмет етіп келеді. 1997 жылдың қарашасында бағдарламаны іске қосқаннан бастап 2019 жылдың 31 наурызына дейінгі аралықта Азиялық Несие Қоры 70 898 клиентке жалпы сомасы 128,1 млн. АҚШ долларын құрайтын мақсат-армандарын жүзеге асыруға көмектесті. Бүгінгі таңда АНҚ Қазақстан бойынша ең ірі МҚҰ ондығына кіреді.

Ауылдық тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруды көздеген өз міндетін атқара отырып, АНҚ тек қаржылық қана емес, басқа да, қаржылық еме қызметтерді ұсынады. Мысалы, 2016 жылдан бастап АНҚ ауылдық мекендерде тұратын әйелдердің арасында олардың өздерінің сүйікті істерінен пайда алатындығы туралы ақпарат-білімдерді қалыптастарып, өз бизнесін ашуға немесе АНҚ қаржылық қолдауымен атқарып отырған істерін кеңейтуге шабыттандырды, сондай-ақ түрлі қаржылық емес тренингтерден өтуге шақырып келеді. 3 жыл ішінде жаттықтырушы-практиктердің көмегімен АНҚ 761 клиентті ең төмен салымдармен өз бизнесін ашу дағдыларына үйретті. Ал 42 600 аса клиент «Өз болашағыңды жоспарла» АНҚ жобасының шеңберінде оқытудан өтіп, отбасылық бюджетті басқару дағдыларын игерді.

АНҚ әрдайым Қазақстан халқына сапалы әрі қолжетімді қызметтер ұсынуға мүдделі болды. Сондықтан да, 2017 жылы Smart кампаниясының бағдарламасы бойынша АНҚ Микрофинанза Рейтинг (Micro Finanza Rating) агенттігі өткізген сертификаттаудан өтті, және Қазақстанда ұйымның бүкіл қызметінде клиенттерді қорғау стандарттарын қолданатын 3-ші МҚҰ атанды. 2018 жылы АНҚ Микрофинанза Рейтингтің әлеуметтік рейтингілік сараптамасынан өтті. АНҚ қызметінің қорытындылары бойынша АНҚ-ға «sBB+» рейтингісі берілді. «Біз өз клиенттерімізге сенеміз және клиенттеріміздің бізге олардың құқықтарын қорғайтын отандық қаржылық серіктес деп сенгенін қалаймыз», – дейді АНҚ Атқарушы Директоры Жанна Жакупова. 2019 жылы АНҚ қайтадан сертификаттаудан өтуді және Smart кампанииясының қағидаттарын қолдайтындығын растауды жоспарлап отыр.