5061 кез келген ұялы байланыс операторынан
Whatsapp чат-бот
АНҚ Офистар

Директорлар кеңесіндегі әйелдер жоғары нәтижелерге жетуге көмектеседі

2017 жылдың 2 маусымында «Азиялық Несие Қоры» микроқаржылық ұйымы» ЖШС-нің атқарушы директоры Жакупова Жанна «Директорлар кеңесіндегі әйелдер мінез-құлқының өзгеше стилі» тренингіне қатысты. Тренингті Халықаралық қаржы ұйымының (IFC) сарапшылары жетекші әйелдер мен ДК мүшелері болуды жоспарлайтын әйелдер үшін әзірлеген болатын.

Орталық Азиядағы корпоративтік басқару жөніндегі IFC жобасының кеңесшісі Градислава Ахметованың Қазақстан банк секторындағы гендерлік дисбаланс туралы зерттеуіне сәйкес, қазақстандық банктердегі директор әйелдердің қатысуымен ДК үлесі 47% құрайды. Алайда, ДК-дегі әйелдердің орташа саны – небәрі 0,16 адам. 38 банктің тек біреуінде ғана ДК төрағасы лауазымын әйел адам атқарып отыр. Үш банкте әйелдер не ДК-де, не басқармада ұсынылмаған. Бұл зерттеу қазақстандық банктерде әйелдердің басқарушылық иерархияда ілгері жылжуын шектейтін «әйнек төбе» деп аталатын жағдайдың орын алатынын көрсетеді.

Credit Suisse (Credit Suisse Research Institute) 2005 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін директорлар кеңесі құрамында әйелдер жоқ 2400 компания арасында зерттеу жүргізді. Зерттеудің негізгі қорытындысы: ДК-дегі әйелдер жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етеді. Соңғы 6 жылда ДК құрамына кем дегенде бір әйел кіретін компаниялар акцияларының динамикасы ДК-де әйелдер жоқ ұқсас компаниялардың нәтижелерінен 26%-ға асады. Әрине, мұндай деректер заңдылық ретінде қарала қоймайды, бірақ олар ДК теңдестірілген құрамының компания тұрақтылығын арттыратындығын айқындайды.

Тренингтің ұйымдастырушысы болып табылатын Governance & Management Consulting компаниясының қызметкерлері әйелдердің ДК-не қатысуы әділеттік пен теңдіктің мәселесі емес, компаниялар үшін жоғары нәтижелерге қол жеткізетін мүмкіндік болып табылатындығына сенімді. Сондықтан, тренингте, әйелдердің ДК-нің басқа мүшелерімен қатынасуы мен өзара әрекеттесуі туралы мәселеден басқа, әйелдердің ДК жұмысының тиімділігін арттыруға ықпал ететін мінез-құлқы және шешімдер қабылдау барысында эмоциялық интеллект дағдыларын қолдану сияқты мәселелер қаралды.