Жанна Жакупова, «Азиялық Несие Қоры» микроқаржылық ұйымы» ЖШС (АНҚ) Атқарушы Директоры 23 жыл бойы Қазақстанның қаржылық секторындағы аздаған басшы-әйелдердің бірі болып табылады. Жанна – бұл өзінің әріптестері үшін жігерлендіретін үлгі. Ол АНҚ-да кредиттік маман болып жұмыс істей бастаған және бар болғаны бес жылдың ішінде мансаптық саты бойынша бүкіл жолды өтіп, компанияның Атқарушы Директоры болды.
Азиялық Несие Қоры – табыс деңгейі төмен ауылдық үй шаруашылықтарға қаржылық қызметтер мен даму жөніндегі қызметтер ұсынатын микроқаржылық ұйым. Компанияның негізгі мақсаты – ауылдық тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту. Ағымдағы уақытта АНҚ клиенттерінің 70% – бұл әйелдер. АНҚ өнімдері мен қызметтері әйелдерді қолдайды және әйелдердің қоғамның экономикалық өміріне толық құқылы қатысуы үшін жағдай жасайды.
Біз Жаннадан басшы-әйелдер туралы және Covid-19 пандемиясымен шарттастырылған микроқаржылық саладағы ағымдағы жағдай туралы өз ойларымен бөлісуді өтіндік.
– Жанна, Сіздің мансабыңыз неден басталды?
– Менің алғашқы мамандығым медицинамен байланысты болған. Мен Томск медициналық интситутын аяқтадым, фармацевт болып жұмыс істедім. 2 жыл жұмыс істегеннен кейін мен мұның мен үшін жеткіліксіз екенін түсіндім, және өз оқуымды жалғастыруды шештім. 1996 жылы мен «іскерлік әкімшіліктендіру» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алдым, және осы бағытта әрі қарай жылжуға бел будым. Магистратураны аяқтағаннан кейін мен қазақстандық бизнесті дамыту бойынша бірнеше бағдарлама ұсынған шетелдік компаниялардың біріне – Қайырымдылық Корпусы (Mercy Corps International) әңгімелесуге келдім. Мені өзімді «Шағын және орта бизнесті несиелеу арқылы қолдау» бағдарламасында сынап көру мүмкіндігі қызықтырды.
– Сіздің білімдеріңіз бен тәжірибеңіз Сізге АНҚ-да жұмыс істеуге қалай көмектесті?
– Жұмыс тәжірибесі мен менің бухгалтерлік есеп, қаржы, экономика, шығындар калькуляциясы, сыни ойлау, бизнес-талдау бойынша өз ұстаздарымнан алған білімдерім маған шағын және орта бизнесті несиелеуге өз үлесімді қосуға көмектесті. Бизнеспен жұмыс істей келек, мені бизнестің түрлі формаларына ену қызықтырды, бизнестегі басшылармен біз бизнес-процестерді толық қарастырдық, қай жерде кіріс пен тиімділіктің өсуіне оң әсерін тигізетін өзгертулер жасауға болатынын қарастырдық.
– Атқарушы Директор болып жұмыс істеген кезде Сіздің әйел болғандығыңызға байланысты қиындықтарға тап болдыңыз ба? Сіз оларды қалай жеңе білдіңіз?
– Мәдени жағынан Қазақстан – бұл ерлер басымды болып табылатын ел. Дәстүрлі түрде кәсіпкерлікпен айналысу және бизнесті басқару – ерлерге арналған жұмыс деп есептеледі. Бұл сондай-ақ қаржылық секторға қатысты.
Алайда, біздің компанияда және клиенттердің арасында 70%-дан артық әйелдер болатын біздің клиенттердің тәжірибесі кері құбылысты дәлелдейді. Күрделі экономикалық жағдайларда әйелдер отбасының тірегі, оның өмір сүру және дамуының кепілі болады. Біз ауылдық аймақтарға несие береміз, мұнда әр отбасында дерлік шағын фермасы бар, және отбасының бірнеше буыны қаржының қол жетімділігіне және оларды қалай дұрыс орналастыруға болатындығына байланысты. Біздің көптеген клиенттеріміз – әйелдер саудада табысты, біреулер шағын қызмет көрсетеді, мал өсіреді немесе қолөнермен айналысады. Бұл жағдайлардың барлығы материалдық қолдауды қажет етеді және біз оларға көмектесуге және олардың ісін дамытуға үлес қосу мүмкіндігіне ие болғанымызға қуаныштымыз.
Әрине, мен басшылық мансабымның басында белгілі бір қиындықтарды бастан өткердім. Бірақ мен сөзімді тыңдата білу маңызды екенін түсіндім. Әйел көшбасшы ретінде мен өз пікірімді дұрыс айтуды, өз ойларыма қолдау табуды және клиенттеріміздің мүдделерін қорғауды үйрендім, өзімді микроқаржы саласындағы қиындықтар туралы ашық айтуға мәжбүрледім. Мен шешендік өнерді оқыдым, корпоративті ортада белсенді бола бастадым, өз пікірімді айта алатынымды сездім және мені тыңдап жатқанын түсіндім.
– Сіз Covid-19 пандемиясына байланысты компания үшін қандай да бір оң сәттерді көресіз бе?
– Менің ойымша, біз жаңа жағдайда өмір сүруді үйренуіміз керек. Covid-19-пен байланысты жағдай бізді клиенттермен өзара әрекеттесудің, жеке байланысын азайтудың және технологияны нығайтудың жаңа, инновациялық тәсілдерін іздеуге мәжбүр етеді. Менің ойымша, қаржы секторы жақында қалпына келеді. АНҚ-ға келетін болсақ, біздің компанияда тиімді процестер, мықты қызметкерлер, жақсы және жауапты клиенттер бар. Цифрландырудың арқасында біздің компания жаңа шынайылықтың іскерлік ортасында тек күшейе түсетініне сенімдімін.