Құрметті клиенттер!
2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда берешекті реттеудің finkelisim.kz бірыңғай цифрлық платформасы жұмысын бастайды. Бұл қызмет бірнеше банкте немесе микроқаржы ұйымдарында кепілсіз несиелері бойынша мерзімі өткен берешегі бар азаматтарға «бір терезе» қағидатымен көмек көрсетуге арналған
Платформаны кімдер пайдалана алады?
Өтініш беру үшін заемшы келесі шарттарға бір мезгілде сәйкес келуі керек:
Екі немесе одан көп кредитор алдында 90 күннен астам мерзімі өткен берешегінің болуы;
Кредиттер кепілсіз (тұтынушылық) болуы тиіс;
Жалпы қарыз сомасы 150-ден 1600 АЕК-ке дейін (648 750 – 6 920 000 теңге);
Берешек бойынша сот шешімдері және атқарушылық іс жүргізу шаралары болмауы қажет
Маңызды: Ипотекалық қарыздары, автонесиелері және кәсіпкерлік мақсатқа алынған несиелері бар тұлғалар бұл рәсімге қатыса алмайды
Бұл қалай жұмыс істейді?
Заемшы finkelisim.kz сайтында тіркеліп, биометриялық сәйкестендіруден өтеді. Платформа деректерді автоматты түрде тексеріп, барлық кредиторларға сұраныс жібереді. Мақұлданған жағдайда заемшыға 5 жылға дейінгі (әлеуметтік осал топтар үшін 7 жылға дейін) бірыңғай төлем кестесі ұсынылады
Қосымша сұрақтар бойынша біздің Call-орталыққа хабарласуыңызға болады: 5061