Азиялық Несие Қоры (бұдан әрі «АНҚ» немесе «Компания» деп аталатын) Қазақстанның заңнамасына сәйкес тіркелген және әрекет ететін микроқаржылық ұйым болып табылады. Компанияның негізгі қызметі Қазақстанның ауылдық аудандарындағы шағын бизнесті дамыту және үй шаруашылықтарын дамытуды қолдау үшін микрокредиттер беруге негізделеді.
2017 жыл Азиялық Несие Қоры үшін «Жасыл экономика» бағдарламасын іске қосу жылы болды, мұнда негізгі көңіл экологиялық тұрғыдан таза немесе «жасыл» технологияларға бөлінеді. Өз бағдарламасын қолдау шеңберінде АНҚ ауылдық үй шаруашылықтары үшін энергия пайдалануда тиімді болатын технологияларға инвестицияларға қарыздар бере отырып, «жасыл» технологияларға берілетін қарыздардың мөлшерін арттырды. Соңғы 5 жылда 1 100 ауылдық тұрғындар АНҚ қарыздарының көмегімен өз үйлерінде түрлі энергия үнемдейтін технологияларды қолдана алды.
АНҚ ересектердің арасында ғана емес, мектеп оқушыларына да энергияны жауапты пайдалану қажеттілігі туралы хабардар ету деңгейін арттыру өме маңызды екенін мойындайды. Бастауыш сыныптарының мұғалімдерімен бірге АНҚ 5 ауылдық мектептерде 6 сынып оқушылары үшін энергияны үнемдеу тақырыбына арналған 5 сабақ өткізді. Мұндай сабақтар балаларды мектепте және үйде осындай өмір салтын ұстануға бағыттайды, бұл жерде энергияны үнемдеу қағидаттары орындалады. АНҚ балаларды қоршаған ортаны қорғауға үйрете отырып, біз оларға Жердің болашағына айтарлықтай ықпал ете алатын өмірлік машықтарды баулитынымызға толық сенеді. «Біз балалардың АНҚ-ның энергияны үнемдеу бойынша сабақтарда алған білімдерін өз өмірлерінде және ата-анасының өмірінде энергияны үнемдеуді қамтамасыз ету бойынша шараларға ұштастырады деп үміттенеміз», – дейді Азиялық Несие Қорының Атқарушы Директоры Жанна Жакупова.