Алматы, Қазақстан – қазан 2024 ж. Қызметі Қазақстандағы ауыл шаруашылықтарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жетекші микроқаржы ұйымы – Азиялық Несие Қоры (АНҚ) компанияның ағымдағы акционері BOPA (Base of the Pyramid Asia) акционерлік капиталды және реттелген борышты ұлғайту түрінде қосымша қаржылық салымдар салғанын хабарлайды. Аталған стратегиялық инвестиция BOPA-ның АНҚ-ға қатысу үлесін 98,69%-ға дейін арттырды, бұл акционердің компанияның қаржылық қолжетімділік пен тұрақты дамуға жәрдемдесу миссиясына деген міндеттемесін одан әрі көрсетіп өтті.
Капиталдың ұлғаюының арқасында АНҚ өз қызметін кеңейте алады, кредиттік әлеуетті күшейтіп, бүкіл Қазақстан бойынша қызмет жеткілікті көрсетілмейтін ауылдық қоғамдастықтарға негізгі қаржылық қызметтер көрсетуді жалғастыра алады. Жаңа капитал АНҚ-ға өз бизнесін бастауға немесе дамытуға, ауыл шаруашылығына инвестиция салуға және жалпы әл-ауқатын жақсартуға көмектесу арқылы үй шаруашылықтарының көбірек санын қамтуға мүмкіндік береді.
Жакупова Жанна, АНҚ басқарма төрағасы, BOPA-ға үнемі қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді: «Біз BOPA-ны біздің миссиямызға деген берік сенімі мен айтарлықтай қаржылық қолдауы үшін қатты бағалаймыз. Бұл қаржы салымы біздің көбірек ауыл шаруашылықтарына қызмет көрсету қабілетімізді нығайтып қана қоймайды, сонымен қатар тұрақты өсу туралы ұзақ мерзімді көзқарасымызды қолдайды. Біз бірге мыңдаған отбасыларға өздерінің материалдық жағдайын жақсартуға және Қазақстанның ауылдық аудандарының экономикалық дамуына үлес қосуға мүмкіндік жасаймыз».
“АНҚ жауапты микроқаржыландыру арқылы қаржылық қызметтерге қолжетімділікті кеңейту және өз клиенттерінің, әсіресе ауылдық жерлерде өмір сүру сапасын жақсарту идеясына әлі де адал. Бұл инвестиция АНҚ-ға өз миссиясын орындауды жалғастыруға көмектеседі және компанияға бүкіл Қазақстан бойынша өз ықпалын кеңейтуге мүмкіндік береді”, – деп атап өтті BОРА Бас директоры Кристиан Андерсен.