Киев к. қосалқы кеңсе Қарағанды Филиалы
Қырық төрт жасар Касимова Гүлсім Оміртайқызы Қарағанды филиалының табысты және разы клиенттерінің бірі. Ол АКҚ-да 2011 жылдың тамызына бастап жұмыс істеп келеді. Гүлсім Байтуған ауылында жұбайы және ұлы Әсетпен бірге тұрады. Әсет Қарағанды қаласының «Дарын» физика-математикалық мектептің 6-шы сыныбында оқиды. Болашақта Әсет сұранысқа ие сәулетші, өз ісінің шебері болғысы келеді. Гүлсімнің сондай-ақ екі үлкен қызы бар, олар Қарағанды қаласында жұмыс істейді. Жолдасы мектепте күзетші болып істейді және Гүлсімінің шаруашылық пен бизнестегі таптырмас көмекшісі. Гүлсім АКҚ-да бірінші рет кредит ресімдеген кезінде оның шаруашылығында бір-ақ сиыры болған және де о лет пен сүттен басқа қосымша табыс туралы еш ойламаған.
Өзінің бірінші қарызға алған қаражатына Гүлсім сиыр сатып алып, үй шаруашылығымен айналысуды жалғастырған, бірақ саудалық бизнесті ашу туралы ой көңілінде жрген болатын. «Менің үш балам бар, оларды аяққа тұрғызып, жарқын болашақтарын қамтамасыз ету керек» деп ойлады Гүлсім. Үйдегі мал-жаны Гүлсімге аздап қаражат жинауға көмегін тигізді, нәтижесінде бұл жаңа іс ашуға, атап айтқанда азық-түлік дүкенін ашуға мүмкіндік берді. Өз арманын орындау үшін Гүлсім өзінің жинақтаған алғашқы капиталына АКҚ-на алған кезекті кредитінің сомасын қосты. АКҚ-мен үш жылғын ынтымақтастығы ішінде Гүлсім жалпы сомасы 2 млн, теңгеге кредит алды (шамамен 11 000 АҚШ доллары). Бүгінгі таңда клиент – үлкен қызының құрметіне аталған «Әйгерім» атты азық-түлік дүкенінің бақытты иесі. Гүлсімнің шаруашылығы да 3 ірі-қара мал басы, қозылары бар 15 саулық пен 30 тауыққа дейін артты. Бірақ Гүлсім мұнымен тоқтап қалмай, өз шаруашылығы мен бизнесін одан әрі көбейтуді жоспарлап отыр. Гүлсім сонымен қатар дүкен тауарларын ауалдастары үшін киіммен мен кеңейткісі келеді. Гүлсім АКҚ сияқты сенімді қаржылық серіктесім бола тұрғанда, ойлаған жоспарларының жүзеге асатындығына еш күмән келтірмейді.