5061 кез келген ұялы байланыс операторынан
Whatsapp чат-бот
АНҚ Офистар

Азиялық Несие Қоры 2019 шағын және орта бизнесті дамытуға арналған Халықаралық қаржылық форумға қатысты

«Азиялық Несие Қоры» микроқаржылық ұйымы» ЖШС атқраушы директоры Жанна Жакупова Нидерланды елінің Амстердам қаласында өткен «Шағын және орта бизнесті қаржыландыру саласындағы нақты және қаржылық секторларының өзара әрекеттестігі» атты шағын және орта бизнесті дамытуға арналған Халықаралық қаржылық форумға қатысты. Биылғы жылы форумға баяндамашылар мен қаржылық-технологиялық сектор және қаржылық қызметтер индустриясының жетекші мамандары келді; шағын және орта бизнес пен қаржылық мекемелер секторының 500-ден аса өкілдері білімдерімен алмасу үшін бас қосты.

Форум кезінде қатысушылар айтарлықтай ақпараттық ресурстар мен аналитикалық дағдыларға ие шағын және орта бизнестің дәстүрлі нарығындағы жаңа ойыншылардың ықпалын зерделеді, сондай-ақ қаржыгерлер мен реттеушілердің бәсекелестікке қарсы тұру мақсатында қабылдаған стратегияларын талқылады.

Шағын және орта бизнесті дамытуға арналған форум кейбір жергілікті ұқсас ұйымдарға баруға және қаржылық-технологиялық сектордың инновацияларымен және шағын және орта бизнеске банктік және қаржылық емес қызметтерді көрсету саласындағы озық тәжірибелермен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етті.

«АНҚ стратегиясы ауылдық аймақтардағы үй шаруашылықтары мен ұсақ кәсіпкерлерге қолдау көрсетуді көздейді. Шағын және орта бизнесті дамытуға арналған Халықаралық форумда алынған білімдер АНҚ-ға клиенттерге – ұсақ және орташа кәсіпкерлерге қолдау көрсету барысында тиімді жұмыс істеуге, және АНҚ жергілікті қауымдастықтардың және ұлттық экономиканың дамуына қосатын үлесінің құндылығын арттыруға көмектесе алады», – деп атап өтті АНҚ атқарушы директор Жанна Жакупова.