Азиялық Несие Қоры Қазақстан, Алматы қаласында өткен Микроқаржылық Ұйымдар Форумына қатысты

2019 жылдың 26 сәуірінде Алматы қаласында микроқаржыландыру саласындағы ең басты оқиғалардың бірі – Қазақстанның микроқаржылық ұйымдарының «Жаңа белестер» форумы өтті. Аталған форум ҚМҚҰҚ (Қазақстанның микроқаржылық қйымдар қауымдастығы) 15 жылдығына тұспа-тұс келді.

Форумда барлық қатысушылар саланы кейінгі реттеу туралы, орын алып отырған проблемалар мен МҚҰ жаңа мүмкіндіктері, қосымша қызмет түрлері мен қаржыландыру көздері, Қазақстанда микроқаржыландыруды жамыту бойынша кейінгі жоспарлар туралы толыққанды ақпарат алып, микроқаржылық сектор өзінің жаңа белестеріне жылжу жолындағы басқа да көптеген мәселелерді талқылады. Спикерлер ретінде ҚР Ұлттық банк, «Даму» қоры, Қазақстандық қор биржасы (KASE), Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы, МҚҰ мен цифрлық форматта қаржылық қызметтер көрсететін басқа да ұйымдардың өкілдері шақырылды.

АНҚ Атқарушы директоры Жанна Жакупова форумда «Қазіргі кезеңдегі микроқаржыландырудың ролі: жаңа мүмкіндіктер мен бұрынғы мақсаттар» атты тақырыппен сөз сөйледі. Ол индустрияның 40 жылдық тарихы мен микроқаржыландырудың халықаралық тәжірибесі туралы әңгімеледі. Өз сөзінде ол бүгінгі таңда микроқаржыландырудың моделі жеткілікті деңгейді тиімді екенін, бірақ клиентпен жиі өзара әрекеттесу есебінен шығыны да көп, және нәтижесінде, операциялық шығындары да артатындығын атап өтті. Цифрландыру МҚҰ-ға қызметтерді көрсетудің құнын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді және МҚҰ мүмкіндіктерін күрт кеңейтеді. Цифрлық дәуір микроқаржыландырудың бүкіл моделін өзгертеді. Модельдің тиімділігі жоғарылайды, бірақ, бұл ретте клиентпен байланыс жоғалады. Жанна Жакупова цифрлық форматта микроқаржылық қызметтерді көрсетудің жаңа мүмкіндіктеріне қарамастан, МҚҰ SMART кампаниясымен белгіленген клиенттерді қорғаудың қағидаттарын ұстануы, сондай-ақ МҚҰ қызметінің негізі ретінде микроқаржыландырудың әлеуметтік міндетін атқаруы тиіс екендігіне назар аударды.