5061 кез келген ұялы байланыс операторынан
Whatsapp чат-бот
АНҚ Офистар

Азиялық Несие Қоры “BeGreen” экологиялық акциясына қатысты

2017 жылдың 20 мамыры күні Азиялық Несие Қорының қызметкерлері ағаш отырғызу бойынша “BeGreen” экологиялық акциясына қатысты. Экологиялық акция бастамашысы – Бірінші Несие Бюросы.

Отырғызу үшін орын ретінде Алматы жануарлар бағының аумағы таңдалды. Акцияға 120 адам қатысып, жасыл қоршаудың 500 метрден артығын отырғызып шықты!

«Мен әріптестерімнің тілек білдіріп, осы пайдалы және игі іске қатысуға тілек білдіргендігін мақтан тұтамын, – деп атап өтті АНҚ атқарушы директоры Жакупова Жанна Болатханқызы. Біздің ұйым Бірінші Несие бюроның бастамасын қуана қолдады, Себебі экологиялық акцияларға қатысу «Жасыл экономика» жылы аясындағы Азиялық Несие Қорының басты шараларының бірі болып табылады.