5061 кез келген ұялы байланыс операторынан
Whatsapp чат-бот
АНҚ Офистар
Oct 2022

Сырлыбаева Гүлбағира

Сырлыбаева Гүлбағира Көктобе ауылы, Түркістан облысы 10 жылдан аса Гүлбағира өсімдік өсірумен айналысып келеді. Ол алғашқы рет АНҚ микрокредит алу үшін жүгінген 2017 жылға дейін болгар бұрышынан бастап қарбызға дейін түрлі көкөніс өсіріп келген. «Менің ауылым – егіншілік отаны. Барлық тұрғындар кейіннен сату үшін тонналап көптеген жеміс пен көкөністер өндіреді. Мен де осы кәсіппен айналыстым. […]

Aug 2022

Борченова Мээрим

Борченова Мээрим Тараз Филиалы, Қордай кеңсесі, Өзінің 32 жасында Азиялық Несие Қорының клиенті Борченова Мээрим Қордайдағы ең белгілі әйелдердің бірі болып саналады. Оның гүл дүкенін Қордай ауылының әр тұрғыны біледі. Мээрим мен оның жұбайы Эльнур соңғы бірнеше жыл бойы жаны сүйетін істі іздеп келген. Олар өздерін түрлі қызметтерде еңбек етіп, байқап көрді: азық-түлік дүкен ашқан, […]

Aug 2021

Мамаева Нагима және Тәттігүл Байсалбекқызы

Мамаева Нагима және Тәттігүл Байсалбекқызы – Есік қаласыедағы «Вира» базарында еңбек ететін кәсіпкер әйелдер. 2016 жылдан бастап олар өзара көмек және қолдауға негізделген бір ынтымақ тобының қатысушылары болып табылады. Мамаева Нагима Утарбайқызы киім-кешекті жөндеу бойынша қызметтер көрсетеді. 12 жылдан бері ол АНҚ адал клиенті болып келеді. Өзінің алғашқы микрокредитін ол 2009 жылы жаңа тігін машинасын сатып […]

Aug 2021

Онорхан Харшыға

Қазіргі таңда жиһаз өндірумен айналысатын үлкен және кіші компаниялар артып жетеді. Нарықтағы ұсыныстар да көп, және бұл салада орынды иеленіп тұру оңай емес. Алайда, біздің клиентіміз – Алматы облысы, Есік қаласының тұрғыны Онорхан Харшыға бұл істің тізгінін мықтап ұстап отыр. Жиырма үш жыл жиһаз бизнесін жүргізіп келеді, оның ішінде АНҚ-мен сегіз жыл табысты ынтымақтастықты жалғастыруда. […]

Aug 2020

Джуртчиева Балғыз

Алматы департаменті, Ұзынағаш кеңсесі. Джуртчиева Балғыз АНҚ адал клиенттерінің бірі болып табылады. Балғыз біздің компаниямен ынтымақтастық жасап келе жатқан 9 жылдың ішінде ол Ұзынағаш кеңсесінің қызметкерлері үшін туыс адамдай болып кетті деуге болады. Балғыз бен оның жұбайы – зейнеткерлер, бірақ тыныш өмір деген олар үшін емес. Зейнетке шыққаннан кейін Балғыз бен оның жолдасы үйдің жанынан […]

Aug 2019

Тохтахунова Халям

Алматы облысы, Енбекшіқазақ ауданы, Шелек бөлімшесі АНҚ табысы – бұл ең алдымен, біздің клиенттердің табысы. Бүгін біз 6 жыл бойы біздің компанияның клиенті болып келе жатқан Тохтахунова Халям Таиповнаның табысының тарихымен бөліскіміз келеді. Халям Таиповна АНҚ кеңсесіне алғашқы рет 2013 жылы келді. АНҚ клиенттерінің бірі оған біздің компанияның ауыл кәсіпкерлерін қаржылай ғана емес, бизнесті дамыту […]

Aug 2018

Абдилдаева Жамал

Абдилдаева Жамал Алматылық филиал, «Есік» бөлімшесі Абдилдаева Жамал Абдрахбайқызы – Азиялық Несие Қорының ең адал клиенттерінің бірі. Ол АНҚ туралы алғашқы рет 2009 жылы Алматы облысы Енбекшіқазақ ауданының Бәйдібек би ауылындағы базарға келген және қордың қызметі және оның осы Жамал Абдрахбайқызы сияқты кәсіпкерлерге қалай көмектесе алатындығы туралы әңгімелеп берген Компания мамандарынан білді. Сол кезде ол […]

Jan 2018

Жұмажанова Раяжан Кәктәйқызы

Қарауыл ауылы, Шығыс Қазақстан облысы. Жұмажанова Ряжан Кәктәйқызы, Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының Қарауыл ауылында тұрады. Өмір бойы ол үй шаруасындағы әйел болды, бірақ 1993 жылы ол өз бизнесін бастауды және дүкен ашуды шешті. Жұбайы оның бастамасын қолдады. Ол өзі де кәсіпкер болған, Семей қаласының базарында ет сату үшін шаруашылық қожалығында ұсақ және ірі мал […]

Nov 2017

Дошекеева Роза

Есік қаласы, Еңбекшіқазақ ауданы, Алматы облысы Дошекеева Роза, 62 жаста, зейнеткер, Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласында 15 жылдан бері тұрады. АНҚ-дағы өзінің бірінші шағын несиесін Роза 2010 жылы топ құрамында мал алу үшін 80 0000 теңге сомаға алған болатын. Роза топтық шағын несиелеу шарттарына, әсіресе шағын несиені алу жылдамдығына өте риза болған. Сондықтан да ол АНҚ-мен […]

Sep 2017

Даянова Аниса

Даянова Аниса Қарасай ауылы, Жамбыл облысы Даянова Аниса Гикрамовна өте қайырымды, мейірімді және позитивті әйел. Аниса апа – зейнеткер, балалары ержетіп, қала-қалаларға тарап кеткен, ал ол болса Қарасай ауылындағы өзінің кішкентай, бірақ сондай жайлы үйінде тұрып жатыр. Аниса Гикрамовна жай зейнетақысын алып, үйде отырмайды, ол шаруашылықпен айналысады. Сиыр ұстайды, оның сүтінен қаймақ немесе құрт жасайды, […]