Азиялық Несие Қоры: өмірдің үздік сапасына

Мақала 2020 ж. 25 қыркүйектегі kapital.kz газетінде жарияланды.

Микроқаржылық ұйым ауыл тұрғындарына бизнесті көтеруге көмектеседі
Бүгінгі таңда “Азиялық Несие Қоры” микроқаржылық ұйымы Қазақтанның қаржылық нарығының қатысушылары арасында үздік орындарды бірін иеленіп отыр. Компанияның өз қызметін 1997 жылдың қараша айынан бастап жүргізіп келе жатқаны белгілі.

Бұл уақыт ішінде АНҚ SMARTCampaign халықаралық сертификаттауынан өткен Қазақстанның екі МҚҰ бірі болды. Мұндай мәртебенің болуы компанияның клиенттерді қорғау қағидаттарын қатаң ұстанады, тұтынушыларға саналы, ашық және құрметті қатынасты қамтамасыз ететін тәжірибелерді енгізеді.
Қазіргі таңда АНҚ көбінесе ауылдық аудандық орталықтарда орналасқан 50 өзіндік бөлімшелер арқылы қаржылық қолдауды жүргізетін еліміздің 7 өңірінде ұсынылған. Бұл тұрғындарға қарыздық ақша қаражаттарына қол жеткізу күрделі болатын жерлерде жүргізіледі.

Осылайша, Азиялық Несие Қоры өзінің негізгі міндеті болып үй шаруашылықтарының өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ шағын бизнесті дамытуға серпіліс беруді белгілеген. Осыған байланысты АНҚ микрокредиттердің көп түрлерін ұсынады: топтық және жеке, кепілзаттық және кепілзатсыз. Өз кезегінде, оларды әзірлеуде ауылдық тұрғындар өмірінің ерекшеліктері ескерілді. Қаржыландыру ауылдық шаруашылықты, сауда, қызметтер саласы, тауарлар өндірісі мен тұрмыстық жағдайларды, соның ішінде энергияны үнемдеуге қатысты шараларды жақсартуға бағытталады. 23 жұмыс ішінде Азиялық Несие Қоры жалпы сомасы 47,3 млрд.теңгені құрайтын 187,5 мың артық сомаған микрокредиттер берген.

Қазіргі таңда ауылдық тұрғындарға қарыздар беру АНҚ микрокредиттік портфелінің 93% құрайды. МҚҰ бөлімшелерінің 300 аса қызметкері ауылдық тұрғындардың бизнес-идеяларын жүзеге асыруға тартылған. Бұл ретте Азиялық Несие Қорының 26 мың клиенттерінің 73% – әйелдер, олардың орта жасы 50 жасты құрайды. «Олардың көпшілігінде үлкен отбасылары бар, онда үш және одан артық бала тәрбиеленуде. Көбінесе олар бірге тұрып, бірлескен шаруашылық жүргізеді. Тиісінше, біздің ұйым бірнеше ұрпақтың ахуалын жақсарутға көмектеседі”, – деп әңгімеледі Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығының тілшісіне Азиялық Несие Қорында.
Сонымен қатар Азиялық Несие Қоры Қазақстанның микроқаржылық ұйымдар қауымдастығына (ҚМҰҚ) кіреді, осылайша ҚМҰҚ бастамалары мен клиенттерге қызмет көрсету бөлігіндегі реттеушінің ұсыныстарына қолдау көрсетеді. АНҚ атқарушы директоры Жанна Жакупова Қауымдастық директорлары кеңесінің мүшесі болып табылады және оның жұмысына белсене қатысады.

Микроқаржылық ұйымдардың көпшілігі қалалық тұрғындармен жұмыс істейді. АНҚ – ауылдық тұрғындарға көмектесетін ұйымдардың бірі болып табылады, – деп атап кетті Жанна Жакупова. «Мен өзім де ауылдық жерде туып-өскенмін, және бұл өмірді жақсы білемін. Ауылда үй шаруашылығынсыз өмір сүру қиын. Көптеген әйелдер сауда жасайды, тағы біреулері ұсақ-түйек қызметтер көрсетеді, мал өсіреді немесе қандай да бір кәсіппен айналысады. Барлық осы істер материалдық қолдауды қажет етеді. Мен біздің қордың осындай істерге көмек көрсететініне қуаныштымын”, – дейді ол.
Айта кетерлік жағдай, Азиялық Несие Қорында бір кездері қаржылық қолдауға ие болып, оны өз отбасыларының жағдайын жақсартуға жұмсап, осылайша өз істерінде белгілі табыстарға қол жеткізген клиенттер туралы “Табыс хикаялары” бар. Мұндай нәтижелер оларды біздің компанияның тұрақты клиенттеріне айналуға ынталандырғаны сөзсіз.
АНҚ-да компаниямен ұзақ мерзімді жемісті ынтымақтастықтың үлгісі болған Алматы облысы Шелек ауылының тұрғыны Халям Тохтахунованың тарихымен бөлісті. 2013 жылы бұл әйел үйінің жанындағы дүңгіршекте азық-түлік өнімдерін сатумен айналысқан, және өзінің алғашқы кепілсіз микрокредитін тауар айналымын толықтыруға алған болатын. Азиялық Несие Қорымен өзара әрекеттестік уақыты ішінде кәсіпкер әйел өз бизнесін айтарлықтай кеңейтті, ірі қара мал асырай бастап, сиыр сүтін өңдеуге өткізе бастады. Сонымен қатар, оның материалдық жағдайы да жақсарды: жаңа үй салып, автокөлік сатып алды.

«АНҚ-мен бірге мен өз бизнесімді бастадым, және бұл мен үшін өмірімдегі үлкен табыс болды. Дұрыс қаржыландырудың арқасында, сондай-ақ ынтымақтастық жылдары ішінде мен АНҚ-дан алған қаржылық сауаттылық негіздері игере отырып, мен қазір тұрақты бизнес пен табысқа ие болып отырмын”, – деп әңгімелейді Халям Тохтахунова.
Азиялық Несие Қорында іс жүзінде бұндай мысалдар көп екенін айтады. АНҚ клиенттері компаниямен бірге өсіп, дамып келеді, бизнеске қарыздық қаражаттарын салады, оны диверсификациялайды, нәтижесінде өзінің отбасы мен жалпы еліміздің игілігіне табыстар алады.

Вирустың таралуы бастаған кезден-ақ АНҚ, көптеген қаржылық ұйымдар сияқты, көптеген кедергілерге тап болғаны белгілі – кеңселер жұмысының уақытша тоқтауы, қызметкерлер бөлігін қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру, қызметкерлер мен қарыз алушылар өмірі мен денсаулықтарына төнген қауіптер.
Алайда, осындай қиын ТЖ жағдай мен карантиндік шаралар кезеңінің өзінде де Азиялық Несие Қоры өз клиенттеріне қолдау көрсетті және әлі де қолдауды жалғастыруда. Мәселен, карантинді енгізген уақыттан бері АНҚ төлемдер бойынша мерзімін кейінге қалдыруды 2,5 млрд.теңгеге (немесе компанияның микрокредиттік портфелінің 38,1%) 6872 клиентке ұсынды (бұл жалпы клиенттік қордың 24% құрады). Олардың санының ішінде 5231 қарыз алушыға кесімді пайыздық мөлшерлемелер төмендетілді, 6837 – микрокредиттер мерзімдері ұзартылды, ал жалпы сомасы 470 млн.теңгеге 776 микрокредит қайта құрылымдастырылды.

Клиенттер үшін қандай да бір сұрақтар немесе ұсыныстар туындаған жағдайда АНҚ-да 5061 колл-орталықтың жедел желісі жұмыс істейді. Өз кезегінде колл-орталық клиенттерді жұмыстағы барлық өзгерістер туралы ақпараттандырады, өтініштерді өңдейді және “әлеуметтік қашықтық” жағдайында өзара әрекеттесуге көмектеседі.
Бүгінгі таңда микроқаржылық ұйым өз күшін клиенттердің сенімін сақтауға және оларға жоғары деңгейде қызмет көрсетуге жұмсауда. Қолданылып отырған шектеулерге қарамастан, АНҚ персоналы қарыз алушылармен өзара әрекеттестікті жаұсартуға, сондай-ақ клиенттерге микрокредитке қашықтан өтініш беру немесе есеп айырысу шотына ақша қаражаттарын алу, сонымен бірге АНҚ серіктестерінің мобильді қосымшаларын микрокредиттер бойынша төлем жасау үшін пайдалану мақсатында цифрлық технологияларды белсенді пайдалануды дамытудағы жұмысты жалғастыруда. «Азиялық Несие Қоры өз клиенттеріне қамқорлық көрсетіп, болашаққа сеніммен қарайды деп жауапкершілікпен айтуға болады”, – деп мәлімдеді компанияда.