Халитовтар отбасы

Study--khalitov
Топтық несие
Жамбыл облысы, Үмбетәлі а., 2009 жыл

Алматы облысы Жамбыл ауданының Үмбетәлі ауылында көп жылдардан бері мал шаруашылығымен айналысып келе жатқан Халитовтар отбасы тұрады. Мейрамқанның шаруашылығында мал жеткілікті. Мұнда екі сиыр, екі бұзау, жеті ешкі, 10 тауық та бар. 2009 жылдың шілде айында шаруашылықта жаңа тұрғын – Құндыз атты жылқы пайда болды.

Халитова Мейрамқанның жұбайы мал бағады. Мал саны артқан сайын отбасы малды бағу қиындығын сезінді. Өйткені өріс таулы жерде орналасқан, ал отбасының есегі ғана бар.

Мейрамқан жұбайының еңбегін жеңілдетіп, жылқы сатып алуды ойлады. Бірақ сатып алуға ақшасы болмады, клиент туыстарынан немесе таныстарынан қарыз алғысы келген жоқ. АНҚ қызметкерлері маркетинг жүргізгеннен кейін Халитова Мерамқан «Азиялық Несие Қоры» ұйымында қол жетімді несие шарттары туралы біліп, Мейрамқанның отбасы сияқты мал өсірумен айналысатын 4 әйелден топ құрып, несие алып көруді шешті.

Клиент алған несиеге жылқы сатып алып, жұбайының жұмысын жеңілдетті, қуантатыны – жылқы сатып алу – жұбайы Әбдікәрімнің 60 жылдығымен сәйкес келді.