Қаржылық емес қызметтер

АНҚ өзін дамытушы қаржы институты ретінде қарастырады. Даму идеясы АНҚ екі негізгі жолмен іске асырылады: несие өнімінің өзіне даму элементтерін енгізу және дамыту жөніндегі жекелеген қызметтерді мақсатты клиенттерге ұсыну.

Несие мамандарының жөндеу-құрылыс жұмыстарының бюджетін құрастыруға көмегі немесе энергия үнемдеуші шараларды іс жүзінде іске асыруды халыққа түсіндіруі бірінші тәсілге мысал болады.

Жекелеген қаржылық емес қызметтерге келетін болсақ, АНҚ клиенттері компания офистерінде келесілерді қоса, бірақ бұлармен шектелмейтін түрлі тақырыптар бойынша тегін заманауи тәжірибелік ақпарат ала алады:

  • Ауыл шаруашылығын/ үй шаруашылығын жүргізу
  • Тұрғын үй үшін құрылыс және санитарлық нормалар
  • Бизнес әдеп
  • Бизнес жүргізу (менеджмент, бухгалтерлік есеп, қызметкерлер жөніндегі саясат бойынша аспектілер, т.б.)
  • АНҚ жаңа өнімдері туралы ақпарат.