Бақылау кеңесі

Бақылау кеңесінің төрағасы

БезымянныйДжим Андерсон

Джим Андерсон Компаньон Банктің Баса Техникалық Кеңесшісі, Қырғызстан

Джим Андерсон Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азияда, сондай-ақ Моңғолияда кең ауқымды практикалық тәжірибеге ие болып табылады, сондай-ақ микроқаржы ұйымдары мен шағын және орта кәсіпорындардың қызметіне назар аударады. Ол Орталық Азиядағы IFC компаниясында жұмыс істеп, Моңғолияның XacBank мекемесінде Mercy Corps’ Бас Техникалық Кеңесшісі және Mercy Corps’ микроқаржы мекемелерінің желісін қолдау шеңберінде Ұлан-Батыр қаласында Қаржы Қызметтері бойынша Менеджер болып жұмыс істеді. Джим Андерсон, Біріккен Ұлттар Ұйымының Күрделі дамуға арналған қорында Бас Техникалық Кеңесші лауазымында, сондай-ақ Lao PDR компаниясында Қаржы мәселелері жөніндегі кеңесші лауазымында да жұмыс істеген.
2005 – 2011 ж. аралығында Азиялық Несие Қорының Директорлар Кеңесінің мүшесі болды. Джим Андерсон, Нью-Йорк пен Токио қалаларында басқарушы лауазымдарда коммерциялық ұйымдарға банктік қызмет көрсету саласында 15 жылдық тәжірибеге де ие.

 

АНҚ Бақылау кеңесінің мүшелері

Ulanbek-TermechikovҰланбек Термечиков

Ұланбек Термечиков, Компаньон Банктің басқарма төрағасы, Қырғызстан.

Уланбек Термечиков Қырғыз Республикасының Ұлттық банкінде 10 жыл бойы табысты мансап құрғаннан кейін өзінің еңбек жолын 2006 жылы «Компаньон» компаниясында бастады.  2009 жылдың соңында Уланбек Термечиков «Компаньон Қаржы Тобы» МҚК ЖАҚ басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды. 2016 жылы Компаньон Банк, банк операцияларын жүргізу құқығына лицензия алып, жаңа даму деңгейіне шықты. Уланбек Термечиков Украина Халықаралық қатынастар Институтының экономика магистрі дәрежесіне ие.

 

Stephen-MitchellСтивен Митчел

Стивен Митчел – Мейірім Корпусы Қаржы Қызметтері жөніндегі Вице-президенті.

Стивен Митчелдің қаржы саласында, соның ішінде халықаралық қаржы саласында 29 жылдық тәжірибесі бар. Бухгалтерлік есеп саласындағы жеке қаржы және жария компанияларда жұмыс істеп, тәжірибе жинады. Ол жұмыс істеген компаниялар тізімі АҚШ Банкі, Прайс Вотерхаус Куперс сияқты танымал компанияларды қамтиды. Стивен Азияның табысты коммерциялық микроқаржы ұйымдарының бірі Хас Банктің Директорлар кеңесін басқарды. Стивен бүкіл дүниежүзі бойынша микроқаржыландыру мәселелері бойынша кеңес береді. Митчел Мейірім Корпусында халықаралық қаржы, бухгалтерлік есеп, ақпараттық технологиялар, нормативтік талаптарға сәйкес келу, ішкі аудит, Агенттіктің әкімшілік және құқықтық функциялары үшін жауап берді. Ол Ирвиндегі Калифорния Университетінің қаржы және бухгалтерлік есеп саласындағы Іскерлік Басқару Магистрі дәрежесіне және Бригам Янга атындағы Университеттің саясаттану саласындағы бакалавр дәрежесіне ие. Стивен Митчел бухгалтерия және қазынашылық саласында сертификатталған.

 

Jamila-AssanovaЖәмилә Асанова

Жәмилә Асанова, Азаматтық Қоғамды Дамыту Қауымдастығының (АҚДҚ) Атқарушы директоры.

Жәмилә Аль-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық Университетінің биология факультетін, Қазақтың Басқару және Маркетинг Институтының Экономика және Басқару факультетін аяқтады. Жәмиләнің Қазақстандағы азаматтық қоғамды дамытуда 15 жылдан астам тәжірибесі бар. Ол АРГО-ға дейін Каунтерпарт Консорциумы, Қазақстан ұйымында жаттықтырушы ретінде бастады, осыдан кейін бағдарламалар бойынша аға менеджер болып тағайындалды. Жәмилә бірнеше рет Дүниежүзілік Банк және ЮСАИД сияқты ұйымдарда гранттар жөніндегі көптеген комитеттерге қатысты. Ол Американың Дамуды Бағалау Қауымдастығы, Үшінші Секторды зерттеу жөніндегі Халықаралық Қоғам сияқты тағы да басқа көптеген халықаралық және отандық қауымдастықтардың мүшесі болып табылады. Бүгінгі күні ол Алматы қаласының Әкімдігі жанындағы Қоғамдық Комитетті басқарады.

 

КристианКристиан Андерсен

Кристиан Андерсен ВОРА холдингілік компаиясының Бас директоры болып табылады.

Кристиан Андерсеннің Азиядағы бизнесті басқару саласындағы 15 жыдық жұмыс тәжірибесі бар. Шағын несиелеу саласына 2015 жылдан бастап тартылды. Ол 2013 жылдан бастап қоссалқы құрылтайшысы болып табылатын Baseof Pyramid Asia (BOPA) үшін жарайтын серіктестер іздеуге байланысты өзі Азия мен Латын Америкасындағы 60 МҚҰ барып қайтты. ВОРА негізгі қызметі дамуының алғашқы кезенінде тұрған акционерлік капиталға инвестициялауға бағытталған холдингілік компания болып табылады.
Кристиан Швейцариядағы Халықаралық Басқарушылық даму институтының іскерлік әкімшіліктендіру (МВА) саласындағы магистр дәрежесіне және Дүниежүзілік банк/Азиялық даму банкінің шағын несиелеу бойынша жаттықтырушы сертификатына ие.
Кристиан CGAP (Аз қамтылғандарға көмек көрсету жөніндегі кеңестік топ), BRAC (Бангладеш ауыл шаруашылығын дамыту комитеті) және Бас микроқаржыландыру институтының түрлі микроқаржылық тренингтеріне қатысқан.